Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе, онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.

• ИП (ЖК) жұмысшылар саны 50 адамнан аспауы керек.

• Айлық табыс 10,000.000 тг.-ден аспауы керек.

Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады:
1. Жеке кәсіпкерлік өзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады. Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады.

Бірлескен кәсіпкерлік өздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.
Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:

1) белгіленген формадағы өтініш;

2) 2 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.

Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:
Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
I, II және III топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .

3) жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін);

4) фотосурет (3,5 х 4,5);

5) жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат).

Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні ішінде «жеке кәсіпкер» куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:
мөр дайындау;
банктен шот ашу;
кассалық аппаратты тіркеу.

Investigationes
CHARLES S. ANDREWS
3139 Brownton Road
Long Community, MS 38915



+7 495 287-42-34 info@ucoz.com
Mirum
sample map