Главная » Каталог сайтов (5)

Кәсіпкерлікті қолдау қорлары [5]
Өз ісін бастаушыларды қолдау қорлары тізімі.

"Сыбаға" ауылшаруашылық кәсіпті қолдау мемлеуеттік бағдарламасы. Негізгі мән өндіріске, мал басын көбейтуге берілген. Қаржыландыру мемлекеттік банк, ұлттық қорлар, "Даму" қоры
Кәсіпкерлікті қолдау қорлары | Переходов: 370 | Дата: 11.06.2015

"Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы. Бұл 2020 жылға дейін шағын және орта бизнесті дамытуға негізделген бағдарлама. Қайтарымды, кейде (бизнеске орай) қайтарымсыз несиелер беріледі. Негізгі қаржыландыру көзі "Даму" қоры
Кәсіпкерлікті қолдау қорлары | Переходов: 321 | Дата: 11.06.2015

Бизнесті тікелей несиелейтін екінші деңгейлі банктер
Кәсіпкерлікті қолдау қорлары | Переходов: 300 | Дата: 11.06.2015

"АТАМЕКЕН" кәсіпкерлер құқығын қорғау одағы. Директоры Тимур Кулибаев.

Бизнесті қаржыландыру бағдарламалары бар.
Кәсіпкерлікті қолдау қорлары | Переходов: 306 | Дата: 11.06.2015

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Даму» қоры» деп аталады) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі жылғы № 665 қаулысының негізінде құрылды. «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Даму» қорының жалғыз акционері болып табылады. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдаудағы «Даму» қорының тәжірибесі 16 жылдан асады. 2010 жылға дейін «Даму» қорының бағдарламаларына қатысушылардың басым бөлігіне қаржылық қолдау екінші деңгейдегі банктерде қаражатты шарттасылған түрде орналастыру бағдарламаларының аясында көрсетілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің жалпы деңгейін төмендетудегі қаражатты шарттасылған түрде орналастыру бағдарламаларын іске асырудың ролі зор. 2010 жылдан бастап «Бизнес жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылуының арқасында «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлікті қолдау құралдарының аясы айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелерін кепілдендіру басталды, сондай-ақ шағын және орта бизнесті оқыту және кеңес беру арқылы қолдау бағдарламалары жаппай іске асырыла бастады. Осы сілтемені баса отырып, «Даму» қорының даму кезеңдері және қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен таныса аласыз. «Даму» қоры саясатының бағыттары: даму әлеуеті бар шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету; жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несиелік ресурстар қолжетімділігінің және оларды беру жеделдігінің дәрежесін арттыру; аймақтық және салалық тұрғылардан жеке кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамти отырып, несиелік ресурстардың нәтижелі бөлістірілуін қамтамасыз ету; экономиканың диверсификациялануына жәрдемдесу және шағын және орта бизнес саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру; ішкі өндірісті кеңейтуге, инновацияларды ендіруге және өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықтимал мүмкіндіктері жоғары шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау құралдарын көбейту; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби деңгейін арттыру және халықты кәсіпкерлікке тарту.

Кәсіпкерлікті қолдау қорлары | Переходов: 557 | Дата: 11.06.2015

Investigationes
CHARLES S. ANDREWS
3139 Brownton Road
Long Community, MS 38915



+7 495 287-42-34 info@ucoz.com
Mirum
sample map