Рокфеллер Джон Дэвисон
Әлемдегі ең бай адам. 190 млрд.$

(1839-1937) — америкалық магнат-кәсіпкер әрі филантроп. АҚШ мұнай индустриясында үстемдік құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Компания шарықтау шегіне келген кезде бүкіл өндірістің 90% бақылап отырған. Ол мұнай индустриясына революциялық өзгерістер енгізді, сонымен қатар Эндрю Карнеги сынды алдыңғы қатарлы өндірісшілермен бірге қазіргі заманғы филонтропия жүйесін құрды. 1870 жылы өзі негізін салған Standard Oil компаниясында 1897 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарды.

Рокфеллер бұл компанияны бауыры Уильям, сонымен қоса Генри Флаглер, Джабез А. Бостуик, химик Сэмьюэл Эндрюс және дауыс бере алмайтын Стефан Харкенстермен бірге Огайо штатында серіктестік ретінде құрды. Керосин мен бензиннің бағалығы артқан сайын оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі ең бай адам және алғашқы «долларлық» миллиардер атанады. Ол қайтыс болған 1937 жылғы оның байлығы $336 млрд (инфляцияны қосқандағы 2007-жылғы эквивалент) немесе АҚШ ІЖӨ-нің 1,54% құрады. Тарихтағы ең бай адам тізімінде 1-орын тиесілі.

Өмірінің соңғы 40 жылын Кикуиттегі (Уэстчестер графтығы, Нью-Йорк) иелігінде зейнетте өткізді. Оның байлығы негізінен жүйелі әрі бағытталған филонтропияға жұмсалды: медицина, білім беру және ғылыми зерттеулерді (соның ішінде амарилезз және анкилистомозға қарсы) қолдайтын қорлар ашты.

Сонымен қатар, Чикаго және Рокфеллер университеттерінің негізін қалап, Орталық Филиппин Университетінің құрылысын қаржыландырды. Салауатты өмір салтын ұстанып, табак және алкогольге толықтай қарсы болған. Солтүстік Баптисттерінің қатарында болғандықтан бұл шіркеулерге қаржылай қолдау көрсеткен. Баптисттік Миссияның Эри-Стрит Шіркеуінде жексенбілік мектепте сабақ берген, оның сенімді әрі діни тұлғасы, тіпті кейде аула сыпырушысына дейін болған. Дін оның өмірінде үлкен рөл атқарды және Рокфеллер дінді өз жетістіктерінің негізі деп білді. Ол социал-дарвинизмге негізделген капитализмді қолдады және "Ірі бизнестің дамуы-жай ғана, күштілердің тірі қалуы" деген сөздерді үнемі айтатын болған.

• ӨМІРБАЯНЫ

Алаяқ Уильям Эйвери "Билл" Рокфеллер (13-қараша 1810 - 11-мамыр 1906) және Элайза Дэвисонның (12-қыркүйек 1813 - 28-наурыз 1889) отбасындағы екінші сәби және бірінші ұл. Одан бөлек Люси (1838-1878), Кіші Уильям (1841-1922), Мария (1843-1925), егіздер-Франклин (Фрэнк) (1845-1917) және Фрэнсис (1845-1847) сынды бауырлары болған. Әкесі жағынан ағылшын және неміс, анасы жағынан шотланд және ирланд қаны тарайды. Билл ең алдымен ағаш кесуші, сосын шағын алып-сатарлықпен айналысқан. Алайда өзін "ботаникалық дәрігермін" деп атап эликсирлер сатқан. Жергілікті халық мінезі бір түрлі, бірақ көңілді жүретін оны "Үлкен Билл" не "Шайтан Билл" деп атаған. Көпшілік оны қоғамдық моральға көнбейтін, қаңғыбастық өмір кешетін, үйіне сирек қонатын адам ретінде білген. Бүкіл өмірінде көлеңкелі істермен атағы шыққан. Джонның туылуынан 1 жыл бұрын өз үйіндегі экономкасы/көңілдесі Нэнси Брауннан Клоринда есімді (1838-?, жастай өлген) және 1 жылдан кейін Корнелия (ш. 1840-?) есімді қыздары болады.

Үй шаруашылығын мойнына алған иманды баптист Элайза күйеуі ұзақ уақытқа жоғалып кеткен кездерде үйдің тұрақтылығын сақтауға тырысып оның екінші әйелі мен сансыз "жүрістеріне" де көнеді. Тумысынан үнемшіл Элайза ұлына "Әдейі жасалған шығын қажеттілік болып оралады" деп айтатын болған. Жас Рокфеллер өз ақшасын күнделікті үй шаруаларын жасаумен, сондай-ақ күркетауық бағып, картоп және кәмпит сатып, ең соңында көршісіне азғантай ақшаны несиеге беру арқылы табады. Ол әкесінің "ыдысы бос адамға тамақ сат" деген кеңесіне еріп, үнемі келісімді өз пайдасына шешіп отырды. Бірде Билл "Мен кез келген сәтті пайдаланып балаларымды алдауға тырысамын. Себебі олардың есепшіл болғанын қалаймын." деп мақтаныпты.

Оның кішкентай кезінде, отбасы Моравияға (Нью-Йорк), ал 1851-жылы Овегоға көшеді. Сол жерде Рокфеллер Овего Академиясында оқиды. 1853-жылы оның отбасы Кливлендтің жанындағы Стронгсвильге көшіп келгеннен кейін Кливленд Орталық Орта Мектебінде оқиды. Артынан Фолсом Коммерциялық Колледжінің 10 апталық бизнес-курсында есепшілік негіздерін үйренеді.

Әкесінің алыстығына және жиі көшулерге қарамастан жас Джон өзін сабырлы, тәрбиелі ұстады, сабаққа құлшынысы мол болды. Замандастары оны тұйық, айтқанынан қайтпайтын, иманды, істерін жүйелі атқаратын, ақылды жігіт ретінде сипаттайды. Ол өте жақсы пікірталасшы болды және өз ойын тіке айтатын. Сондай-ақ ол музыканы қатты сүйді және болашақта музыкант болу мүмкіндігін де қарастырды. Ертерек ол аналитикалық қасиеттері мен бухгалтерлік есепке жүйріктігін анық көрсетті.

• STANDART-OIL ҚҰРЫЛУЫНА ДЕЙІНГІ МАНСАБЫ

Есепші ретінде

1855 жылы Қыркүйек айында 16 жасар Рокфеллер өзінің ең алғашқы жұмысын кішкентай Hewitt & Tuttle фирмасында есепшінің көмекшісі ретінде бастады. Ол күніне ұзақ уақыт жұмыс істеп, және кейін өзі еске алғандай, "кеңседегі барлық әдістер мен жүйелерді" үйреніп алғанына қатты қуанады. Әсіресе кейінгі мансабына көп көмегін тигізген транспорттық шығындардың есебін жетік меңгерді. Алғашқы 3 ай жұмысынан $50 (күніне 50 центтен) табады. Жас кезінде Рокфеллердің ең ірі амбициялары $100,000 тауып 100 жасқа дейін жету болыпты.

Кәсіби серіктестік

1859-жылы серіктесі Морис Б. Кларк екеуі $4000 капиталмен өндіріс делдалдығын бастады. Осы кезден бастап Рокфеллер мансабы жыл сайын жоғарылай береді. Азық-түлік тауарларының көтерме саудасынан кейін 1863-жылы серіктестер Кливлендтің дамып келе жатқан "The Flats" өндірістік аймағында мұнай өндеу зауытын (МӨЗ) салады. Зауытты Рокфеллер, Кларк және оның 2 бауыры, химик Эндрюстен тұратын Andrews, Clark & Company тікелей иеленді. Коммерциялық мұнай өндірісі енді ғана пайда болған кез еді. Кит майы қарапайым халық үшін тым қымбат болды, сондықтан жалпы қажеттіліктерге арналған арзан жағармай қажет етілді.

Інісі Фрэнк Азамат Соғысында жүргенде, Рокфеллер кәсібін жалғастырып, ауысқан сарбаздарды жұмысқа алды. Соғысқа бармаған Солтүстік байлары секілді ол да Одаққа ақша берді. Құлдықты жою қозғалысының мүшесі болғандықтан Авраам Линкольнге дауыс берді және сол кезде жаңа құрылған Республикалық Партияны қолдады. Ол "ақшаны маған Құдайдың өзі берді" дейді, және Джон Уэслидің "Қолыңнан келгенше жина, қолыңнан келгенше сақта және қолыңнан келгенше бер" деген сөздерін негізге алып ақшаға келгенде өзін жеңіл сезінді.

1865-жылдың Ақпанында, кейін мұнай өндірісі тарихшысы Дэниель Ерген "түбегейлі өзгеріс әкелген іс" атаған, Рокфеллердің аукционда $72,500 төлеп ағайынды Кларктердің үлесін сатып алуы өтті. Компания атауы Rockefeller & Andrews болып өзгертілді. Өзі "Бұл менің болашақ мансабымды анықтаған күн еді" деп мойындайды. Ол соғыстан кейінгі экономикалық өсімді, теміржол және мұнай арқылы жүргізілген батысқа бағытталған ұлы дамуды жақсы пайдалана білді. Ол табыстың көп бөлігін реинвестициялауға жұмсады, тез өзгергіш нарыққа жақсы бейімделді және жақсы дамып келе жатқан өндірістерге бақылаушылар қойды.

Мұнай кәсіпкерлігін бастауӨңдеу
1866-жылы інісі Кіші Уильям Рокфеллер Кливлендте басқа бір МӨЗ-ын ашып, Джонды серіктестікке қосты. 1867-жылы серіктестікке Генри М. Флаглер кірген соң Rockefeller, Andrews & Flagler фирмасы құрылды. 1868-жылға қарай Рокфеллердің табысты реинвестициялауы, шығындарды бақылап, зауыт қалдықтарын іске жаратуы арқылы фирма Кливлендтегі 2 МӨЗ-ын және Нью-Йорктегі маркетингтік филиалды иеленді; бұл әлемдегі ең ірі МӨЗ-ы болды. Rockefeller, Andrews & Flagler фирмасы Standard Oil компаниясының құрылуының іргетасын қалады.

• БИЛЛ ГЕЙТС

Компьютер мен Билл Гейтс құдды егіз ұғымдай. Иә, дүниежүзі білетін Microsoft компаниясының негізін қалап, бізді "терезелерге" қаратып отырған осы кісі емес пе? Заманауи компьютерлік технологиялардың дамығаны осы кісінің қажырлы еңбегінің арқасы емес пе? Гейтстің оқушыларға берген кеңестерін жазып өткен едік. Ал бүгін Гейтстің өзі туралы қызықты мәлеметтер шертеміз...

1. Гейтс жайлы жазылған кітаптың санында шек жоқ. Amazon.com сайтына Gates деп енгізсеңіз, оған байлынысты 137 мыңнан астам нәтиже тауып бере алады.

2. 13 жасқа енді толған Гейтс достарымен бірігіп, мектеп компьютерінің мәліметтеріне қол сұққан. Гейтсті жазалаудың орнына Сиетлдің компьютерлік орталығы балақайды жұмысқа алып, өз бағдарламаларын тексеруге тапсырма беріп отыратын.

3. Компьютерлерге деген құмарлығын байқаған вундеркиндтің ата-анасы Биллды электронды машинаға бір жыл бойы жолатпаған. Бір жыл бойы атақты бағдарламашы ұлы адамдардың өмірбаяндарымен танысқан. Тарихи тұлғалардың ойлау қабілеті мен логикасы Биллге қатты ұнайтын.

4. Билл Гейтс ресми түрде Гарвард оқу орнын тастағандардың ішіндегі ең бақытты адам болып танылды, дегенмен, араға бірнеше жыл салғаннан кейін, Билл сонда да Гарвардты бітіріп, салтанатты түрде дипломын алды.

5. Қазіргі компаниясының атауын Гейтс алғашқыда "Micro Soft" деп жазған.

6. Оның арғы атасы заң шығарушы органда жұмыс істеп, қала мэрі болған, атасы - мемлекеттік банк президенті қызметін атқарған, ал әкесі адвокат болған.

7. 1968 жылы Лэксайд колледжінде алғашқы компьютерлер пайда болғанда, Гейтс күні-түні сол маңайдан кетпейтін. Оның оқу үлгерімі күрт нашарлап кеткені де сол себептен шығар.

8. Гарвардтағы оқу Гейтсті тез шаршатқандықтан, ол бос уақытында покер не бағдарламалар жазумен айналысқан.

9. Гейтс өзінің профессорларына 30-ға толмай миллионер болам деп айтқан екен.

10. 31-ге толған Гейтс - миллиардер!

11. Жыл сайын Гейтс жеке меншіктегі тұрғын үйлер мен көліктеріне салық ретінде бір миллион доллар көлемінде қаражат төлейді.

12. Өзінің алғашқы бағдарламасын Билл Гейтс мектеп қабырғасында оқып жүргенде жазып, қолданысқа енгізді.

• Баффет, Уоррен Эдвард

(1931 жылы туған) — американ инвесторларының бірі болып табылады. Әр акциясы шамамен елу мың доллар тұратын Berkshire Hathaway жекемен- шік инвестициялық компаниясының 36%-ын иеленеді. Компания Gillette немесе Coca-Cola сияқты анағұрлым табысты фирмаларға ақша салады. Баффет жыл сайын миллиардтаған табыс алады және Америкадағы екінші аса бай адам деп танылған. Бүгінгі таңда Баффеттің байлығы 30,5 миллиард доллар есебінде — Forbes тізіміндегі екінші адам.

Әлемдегі ең бай инвестор, “Berkshire Hathaway” жарналық инвестициялық қордың басшысы, миллиардерлердің “дәреже бойынша табеліндегі” №1 адам, Соростың идеялық қарсыласы Уоррен Эдвард Баффет 1930 жылы Небраска штатының үлкен қаласы Омахада туған. Уоррен мектеп- те жүргенде-ақ капиталист боламын деп шешкен, ал он екі жасында Уоррен миллиардер болуға бекем бел буған. Жас кәсіпкердің дарынды және қабілетті бала болғандығын айта кету керек. Санау жағынан оның таңғаларлық жадысы әлі күнге дейін сақталған.

Қаржылық “гуру” өзі толық түсінбейтін салаларда іс жүргізуден аулақ жүреді. Және жалпы, ол өмірде “Кең болсаң, кем болмассың” деген ережені уағыздай жүріп, қарапайым ғана ауыл адамының рөлін ойнағанды жақсы көреді. Ол жеңілдікпен 700 долларға сатылған ескі “Хонда” (бір құшақ темір) жүргізеді, көне костюмдер киіп, елге осын- дай тақуа көрінгісі келеді. Магнат арзан пластик жиһазбен жасақталған кеңсесіне шашы ұйпа-тұйпа күйде келеді. Бірнеше ай бойы ауыстырылмайтын галстук пен шалбар тартқышының да әбден тозығы жеткен.

Уоррен Баффет шындығында көп нәрсені керек қылмайды, өзіне көп ақша жұмсамайды. Қызы Сьюзи әкесінен автотұраққа төлейтін ақша сұрағанда, ол одан алынған 20 долларға қолхат сұраған. Говард атты ұлы фер- ма сатып алмақшы болып, әкесінің көмегін сұраған. Бірақ, әкесі бір қызық қылық жасады. Ол ферманы сатуын сатып алып, ұлына жалға берген! Ол фермаға алты жылда екі-ақ рет барып шыққан екен. Мүмкін, миллиардерлердің көзі тірі кезінде балаларын осылай ұстағаны дұрыс та шығар? Бірақ, жуықта Баффет байлығының 99%-ын өзінің Қорына мұраға қалдырғысы келетіндігін айтқан.

Дегенмен, ол өз абыройын да сақтаудан қашпайды. “Беделіңді өсіру үшін жиырма жыл уақыт кетіріп, бес минуттың ішінде түсіріп алуың мүмкін. Кімде-кім осы ту- ралы мықтап ойланып жүрсе, сол бизнесті тиісті түрде жүргізеді”, - деп ақыл айтады ол. Ол өз қызметкерлерін бір ғана сөзбен арқасынан қағып қояды екен: “Істеп жатқандарыңды жалғастырыңдар”.

Әрине, мұның бәрі көзбояушылық. Магнатты мезі қылатын адамдар мен журналистердің артық көзқарасынан қорғайтын, сәтті табылған бейне. Осылайша, акционерлер жиналысында мыңдаған адамдар алдында ол өзінің досы мен орынбасары болып келетін 77-жастағы Чарли Манжер мен өзін былай деп таныстырыпты: “Мен - Уоррен. Ал мынау - Чарли. Ол әлі естиді. Мен әлі көремін”.

Бірақ, Баффет өзі көрінгісі келетіндей осал, қарапайым адам емес. Бұл алып адам ақшаны төмендегілерге салу керек деп есептейді:

• түсінікті және қарапайым бизнес (мысалы, азық- түлік өндірісі немесе банк ісіне);

• жағымды ұзақ мерзімді перспективалары бар сенімді компанияларға (мысалы, “Жилетт”, “Кока-кола”);

• халықаралық франчайзингтік желісі мен кепілдендірілген өсім перспективасы бар фирмаларға (мысалы, “Кока- кола”, “Макдоналдс”);

• күшті командасы бар және берік қаланған тұғыры бар компаниялар (мысалы, “Уолт Дисней”).34

• Стив Джобс – Apple компаниясын құрушы

Бұл материалды автор өзінің "Ақпараттық технология әлемінің алпауыттары" кітабынан алып, жариялап отыр. IT әлемінің басқа да мықтылары жайлы білгіңіз келсе, Сіздерді it-mbeks.ru сайтын қарауды ұсынамын.
Джобс Стивен (Jovs Steben) 1955 жылы Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында дүниеге келген. Компьютерлер саласындағы америкалық ірі кәсіпкер, Apple компаниясын құрушының бірі және оның директорлар кеңесінің төрағасы. Онымен қоса, ол NeXT Software компаниясының да құрылтайшысының бірі, Pixar Animation Studios компаниясының да төрағасы әрі атқарушы бас директоры болып істеген.
Өмірлік демі 2011 жылғы қазан айының 5-де үзілді.
Apple компаниясын құрған және ондаған жылдар бойы соның ұраны болған Стив Джобстың өмірден озуы жайлы хабар компьютер әлемінің жаңалықтарынан сырт жүрген адамдардың өзін бей-жай қалдырмады. Адамзат 2011 жылдың 5 қазанындағы қайғылы жағдайдан соң ғана пәни дүниеге қазіргі заманның ғұламаларының бірі аттанғандығын сезді. Өзі өмір сүрген кезеңде Джобс әлем үшін басқа қандай да бір адам: не ғалым, не актер, не саясатшы бәсекелесе алмайтын соншама көп нәрсе жасағаны ақиқат еді. Сонда бұл «джинс киген жын» - ғұламаның құпиясы неде?
Бұл өзін-өзі жетілдірудің нәтижесі ме немесе сәтті әрекеттердің үйлесімі ме?
Әлде мұнда ешқандай да құпия жоқ па екен?
Қазір Стив Джобстың атына әрдайым «ғұлама» эпитеті тіркеліп айтылып жүр. Әйтсе де осы сөздің өзі оның табиғатын толық бейнелеп тұрған жоқ.
Ол үшін миллиондаған адамдардың өмір салтын түбірімен өзгерту тіпті де қиын болмады. Міне осы жағдайлар адамдар өмірін Джобс әуелі Macintosh-ты, сонан соң NeXT және iMac-ты, содан кейінгі iPod, iPone мен iPad-ты өмірге келтірген кезде тіпті басқаша өзгеріске ұшырады.
Джобстың есімі 230-дан астам патенттер мен авторлық куәліктерде жазылып тұрғанмен, ол ешқандай да өнертапқыш болған емес. Оның жылт еткен кейде ақылға қона қоймайтын идеяларды танып біліп, оларды жүзеге асырудағы таланты ерекше болатын. Ол туралы Apple-ді бірге қалаған досы Стив Возняк: «ол өзінің бүкіл адамзатты соңынан ертетіндігіне үнемі сенген еді»,-дейді.
Apple-ге дейінгі Джобс

Apple компаниясының болашақ атасы әрі көшбасшысы 1955 жылғы 24 ақпанда Американың Сан-Франциско қаласында туған. Оны өмірге келтірген әке-шешесі Абдулфаттах Джандали мен Джоана Шибл бір аптадан соң өз баласынан бас тартады. Осы баланы Пол мен Клара Джобс асырап алады да, оған Стив деген ат қояды.
Ол жеткіншек кезінен-ақ тәуекелге бел байлайтын әрекеттер жасауға құмар болып өседі. 12 жасар Стив радиоэлектроникамен айналысып жүріп, оның кейбір деталы жетпеген кезде сол кездегі белгілі Hewlett-Packard компаниясының президенті Хьюлетт-ке телефон шалып, одан жетпеген деталын сұрап алады және HP компаниясына жазда істейтін жұмысқа орналасады. Міне осы компанияда жүріп ол Apple-нің өмірге келуіне себеп болған – Стив Вознякпен танысады. Бұл Стив те, Джобс сияқты радиоэлектроникамен айналысатын және техникалық прогрестің келешегіне сенетін.
Джобс ата-анасының айтуымен 1972 жылы Портлендтегі Рид колледжіне оқуға түседі. Бірақ ол өзіне ұнамағандықтан онда бір-ақ семестр оқып, одан әрі оқымай қойды. Ол ондағы оқуын тоқтатқан-мен еркін тыңдаушы ретінде каллиграфия курсына қатысуын жалғастырды. Осы әрекеті атақты Macintosh операциялық жүйесіне бірнеше қаріп түрлерін енгізуде кәдеге жарады. Соның арқасында Mac-та, кейінірек одан Windows-қа көшіріліп алынған пропорционал қаріптердің бірнеше гарнитурлары пайда болды.
Екі жылдан соң Джобс Калифорнияға оралып, Вознякпен бірге Пало-Альтодағы Хоубрю компьютерлік клубына мүше болады. Осы клубта екі Стив алғаш рет халықаралық желіде тегін телефон шалуға мүмкіндік беретін қондырғы BlueBox туралы естіп, біледі. Возняк осындай «көк қорапты» құрастырып, ойнап көреді. Бұл ойыннан жеріп, оны тастағысы келгенде Джобс «бұл ойынмен пайда табуды» ойлайды.
Пайда табудың жолы қарапайым болатын. Ол үшін Джобс қажет деталдарды 40 $-ға сатып алады, ал Воз одан бір сағатта BlueBox дайындайды. Бұл дайын өнімді Стив-тер 150 $-ға өткізеді. Достардың бұл ісі жақсы жүре бастайды, алайда ол «көк қораппен» полиция қызыға бастаған соң, ол істі жабуға тура келді.
Джобс жеткілікті қаражат жинаған соң 1975 жылы бойын рухани тазартуды ойлап, Индияға барды. Ол кезде жастар арасында сол модаға айналған еді.
Индиядан тақырбас, ұлттық киіммен оралған Джобс келе сала Breakout ойыны үшін басып шығару тақшасын дайындайтын Atari компаниясында жұмыс істеуге кірісті. Ол электрондық тақша жасаудың маманы болмағасын досы Вознякты түскен кірістің жартысы-350 $-ды беретін болып көмекке шақырды. Стив досынан компанияның тақшадағы чип санын кеміткен сайын үстеме ақша беретін болғанын жасырып қалды. Ал Воз болса, электрондық схемаларды жетілдірудің нағыз шебері еді. Ол тақшадан 50 чипты алып тастап, қалғанын барынша тығыз орналастыра білгені соншалық, ол тақшаны конвейерде қайта жасау мүмкін болмады.
Осыған риза болған Atari компаниясы Джобсқа 5000 $ төлейді, ал бұл Вознякқа бұрынғыша 350 $ ғана беріп, оны пайдадан құр қалдырады. Кейін ол алданғанын біледі, бірақ табиғатынан қайырымды әрі байлықтан бақ іздемеген жан бұл жағдайға онша мән бермейді. Дегенмен болашақта осы компанияны пайдаланушы мүддесі емес, тек пайда табу ғана қызықтыратыны белгілі болған кезде, оған бұл жағдай ұнамай, кейін компаниядан кетуге себеп болады.
Қалай десек те Стив Возняк Джобстан кем тұлға емес. Біз осы Возняктың техникалық білімдарлығының арқасында Apple I-дің және ерекше танымал Apple II-нің құрылуына себеп болғанын ұмытпауымыз тиіс. Егер осы қартаңдау Воз болмағанда оның досының таланты ашылар ма еді? Бұл жерде де және басқа жобалар-да да сол идеяларға рух беруші және оларды жүзеге асырып, жарна-малаушы Джобс болғаны анық. Әйткенмен Apple өзінше бөлек тарих...
Apple компаниясының құрылуы

Барлығы Возняктың Hewlett-Packard-қа жұмысқа тұрып, онда бағдарламаланатын калькуляторлар шығаруынан басталған еді. Ол кезде осы кездегідей дербес компьютерлер болған жоқ, ал мини және микрокомпьютерлер шаш жетпес қымбат тұратын. Сол себептен де ол уақытта кең таралған есептеу техникасының түрі калькулятор болатын.
Воз-ға бұл ұнамайды, ол өндіруге әрі меңгеруге оңай қарапа-йым жеке компьютер жасауға бекінді. Есептеу машинасын жасау-дағы тәжірибесін және досы Джобстың Atari-дан алып берген арзан MCS6502 процессоры мен басқа құрауыштарын пайдаланып Возняк іске кірісіп кетті. Бірнеше айдан соң аналық тақшасы дайын болған соң Стив Джобс өмірінде екінші рет электроника нарығын шабуыл-мен басып алуды шешті. Міне осылай Apple Computer компаниясы құрылған болатын.
Енді Джобстың неліктен компьютер шығаратын компания атын «Apple - алма» деп атағаны жайлы кейбір аңыздарға тоқталайық. Соның бірі Стив өз компаниясының аты Atari-дың алдында тұруын қалағандықтан десе, ал басқа бір аңыз бойынша өзінің сүйіп тыңдайтын Beatles тобының күй-табақтарын шығаратын дыбыс жазатын Apple Records компаниясына ұқсағысы келгендігінен дейді. Қалай болғанда да IT компанияны осылай онша мағынасыз сөзбен атауының өзі оның әдеттегі қалыптан тыс әрекеттерге бейімдігін көрсетсе керек.
Сонымен екі электроншы дос құрған осы компания корпорация-ға айналып, ал кешегі қорабы жоқ аналық тақша Apple-I компьютері болып атын шығара бастады. Уақыт өтіп жатты, Стив Возняк әлемдегі нағыз дербес компьютер және кейіннен жаппай қолданысқа түскен Apple-II компьютерін жасап шығарды.
Әрине оның Джобссыз құрылмағаны анық: ол кең көлемді жарнамалық науқан ұйымдастырды, оған қоса әрбір компьютер үшін барлығына бірдей түсінікті әрі ықшам нұсқаулық дайындатты және ол компьютерді тартымды қорапқа жайғастыруды да естен шығар-мады. Міне осындай жұмыстардың арқасында өнімді сату нәтижесі ойлағаннан да асып түсті, сөйтіп 5 млн-нан астам Apple-II шығары-лып және оларға арналып 16 мыңнан аса бағдарлама дайындалды.
Олар бірден сатылып кетті. 1980 жылы бұл корпорацияда ондаған мың адам жұмыс істеп, оның жылдық өнім айналымы 10 млн-нан асып жатты. Осы жылы Apple өз акцияларын биржаға сәтті орналас-тырып, соның нәтижесінде Джобс аяқ астынан 25 жасында миллионерге айналды.
Алайда Apple-II-нің осындай коммерциялық табысын 1984 жылғы Macintosh-тың табысымен еш салыстыруға келмейтін. «Макинтош» компьютері сол кездегі көпшілікке шын ұнаған алғашқы компьютер болатын.
Сол кезде мұның ЖЖҚ(ОЗУ) өте аз – 128 кб екендігіне, ал оның шын мәнінде қатқыл дискісінің жоқтығы-на да жұрт онша мән бермейтін. МАС-ты іске қосқан кезде ол өз пайдаланушысына жымыңдап қарайтын, содан соң экранға «С: >» жазуы шығатын еді, ал онда ашылатын терезелер мен көңілді иконкалар ешкімді бейжай қалдырмайтын. Мұның бәрі Джобстың пайдаланушы тілегін алдынала дөп басып таба білуінің және соны қалыптастыра білу талантының нәтижесі еді.
Джобс өмірінің басқа қырлары

Стив Джобстың шектен тыс осы креативтігі, яғни ерекше ұйымдастырушылық және алдынала болжағыштық қабілеттері оны өте бір ыңғайсыз жағдайға ұшыратты. Ол былай болған еді. Стивтің осындай алғыр қасиеттері компания рулінде отырған тойымсыз ағалардың пайда табуына мұрша бермейді.
Соның ақыры өзі компанияға шақырып алған Джон Скалли деген азаматтың мұны өз компаниясынан сатқындықпен шығаруымен аяқталды. Оған Джобс соншалықты қайғырмады.
Ол бірден NeXT Computer компаниясын ұйымдастырды және NeXT station мен NeXT Cube компьютерлерін өндіріп, NeXTSTEP операциялық жүйелерін шығара бастады. Осы өнімдердің барлығы қарапайым пайдаланушыларға емес, білім және ғылыммен айналысып жүрген мамандарға арналды. Стивтің бүкіл қажыр-қайратын салып тырысқандығына қарамастан бұл өнімдерден «екінші Apple» шыға қоймады. Бұлардың ОЖ-ы мен машиналары-ның күшті техникалық мүмкіндігі бола тұра, олар пайдаланушыға қымбатқа түсті, содан болар ол кең тарамады.
Ақыр соңында 1996 жылы NeXT компаниясын қожасы Стив Джобспен қоса түгел APPLE сатып алып, оның иесін өзіне қайтарды.
Стив Джобс туралы айтқанда ол жарыққа шығарған Pixar мультипликациялық студиясы жайлы айтпай кету мүмкін емес. 1986 жылы Джобс Lucasfilm компьютерлік анимация бөлімшесінен оның
The Graphics Group студиясын сатып алады. Бастапқыда Pixar Image Computer компаниясы болып бөліп алынған бұл топ кәсіби графика-лық ПҚ-лар жасаумен айналысты да, қатарынан бірнеше жыл бойы пайда әкелмегендіктен оны анимациялық студияға айналдырды.
Осы Pixar-да 1995 жылы шығарылған «Ойыншықтар тарихы» деп аталатын толық метражды мультфильм бірден мультипликация жанрының классификациясына жатқызылды. Джобс картинаның атқарушы продюсері болды.
Осы студия шығарған көптеген мультфильмдер сол кезде де және қазір де миллиондаған балалар мен ересектердің сүйіп көретін шығармаларына айналды.
Жаңа уақыт

Apple –ге қайта оралайық. «Алманың» басшылығы NeXT-ті сатып алуы арқылы Джобстан оны компаниядан шығарғандығы үшін «кешірім сұрап» және оның оралуын «өтініп» сұрағандығы сияқты. Шындығында 90 жылдардың бірінші жартысы Apple үшін оңай уақыт болмады: пайдаланушылардың жаппай пайдалануы үшін Wintel платформасымен айқас ұтылыспен аяқталды, жаңа креативті идеялар легі таусылды, ал сату деңгейі барынша төмендеді.
Мұндайда компанияны банкроттан сақтау тек оны құрған Стив Джобстың ғана қолынан келетін еді. Джобс нағыз әкеге лайық әрекет жасап, өз баласына көмектесті.
Стив алғашында уақытша, кейін компанияның тұрақты бас директоры болған соңғы 15 жыл ішінде Apple компаниясы құлдыр-аудан құтылып ғана қойған жоқ, ғаламшардағы IT-компаниялардың бірінші деңгейіне көтеріле алды.
Джобс барлық келешегі жоқ және табыс әкелмейтін жобаларды (қолға ұстайтын Newton MessagePad-тан бастап QuickTake цифрлық камерасына дейін) жауып, басқа «ең озық» жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.
Оның алғашқылары iMac компьютері мен iPhone плееры болса, содан кейінгісі телефон индустриясын дүрліктірген iPhone телефоны және iPad планшеті болды.
Егер Стив қайғылы қазаға ұшырамағанда, оның әлі де нені ойлап табарын кім білген? Ендігі Apple Стивтің кезіндегідей бола
ала ма? Әрине оны ешкім білмейтіні анық. Қалай десек те бәрін де уақыт өзі көрсететін болар.
Қызықты деректер

Сенсорлы экранды планшетті компьютерлер идеясын 1988 жылы Apple корпорациясы ұйымдастырған «2000 жылғы дербес компьютер қандай болады?» деген конкурста Иллинойс университетінің студенттері ұсынған екен.
2010 жылы Wall Street Journal журналы жүргізген D: All Things Digital (ағ.) конференцияда Стив Джобс алдымен ойына планшет идеясы келгендігін, сосын барып одан телефон (iPhone) жасау туралы идея пайда болғандығын айтқан еді.
Осы жерде Стив Джобстың өзін сөйлетейік.
Мен негізі планшеттен бастадым. Маған пернетақтадан құтылып, әріп теруді бірден шыны мультитач-дисплейде жүргізу жайлы ой келді. Содан кейін өз жігіттеріме келіп, осындай шыны мультитач-дисплей жасасақ, оның бетіне қолымызды тигізу арқылы терім жүргізсек дедім. Алты айдан соң олар мені шақырып, осындай экранның нұсқасын көрсетті. Мен оны біздің қолданыс интерфейс-пен шұғылданатын тамаша жігіттердің біріне апардым. Бірнеше аптадан кейін ол мені өзіне шақырды, инерциялық айналма дайын екен. Мен ондағы таспаны, инерциялық айналманы және басқа да бір-екі затты көрген бойда маған: «құдайым-ау, мынадан біз телефон жасай аламыз ғой»,-деген ой келді.
Міне солай планшет жобасы сөреден орын алды. Өйткені ол кезде телефон маңыздырақ болатын. Келесі бірнеше жыл бойы біз iPhone бойынша жұмыс істедік.
Стив Джобстың ресми өмірдерегі осы ғұлама адамның жеке өмірі мен кәсіби қызметіндегі көптеген құпиялардың бетін ашты.
Соның бірі, iPad планшетті компьютерінің қалай өмірге келгендігі жайлы.
Бірде Стив Джобс Microsoft қызметкерімен бірге түскі ас ішіп отырғанда, жаңағы қызметкер Apple басшысына жақын арада оның компаниясы жаңа планшетті ДК шығарып «әлемді өзгертетін
болады» , ал «алма» корпорациясына бұдан былай бұрынғыша тірлік жасауы үшін Microsoft БЖ-сын лицензиялаудан басқа мүмкіндік қалмайды деген әңгімені ерінбестен айтып береді. Джобс Microsoft стилусты құрылғы жасау арқылы қате жолды таңдағанына сенеді әрі оны жаңағы қызметкердің бір нәрсені пәлен рет қайталап, жалықтырғаны сондай, ол өзіне-өзі: «Сайтан алғыр, оларға нағыз планшеттің қандай болатындығын көрсету қажет»,- деп сөз береді.
Келесі күні Apple-нің бас директоры өз командасын офисіне жинап алып, олардың алдына басқару үшін пернетақтаны да, тышқанды да қажет етпейтін таблетка жасау міндетін қояды.
Джобс планшеттің концепциясын тұжырымдап, болашақ девайстың бірнеше макетін жасауды Джонатан Айвқа тапсырды. Сол арқылы ол құрылғының оңтайлы мөлшерін тапқысы келді. Apple-нің бас дизайнері Джобсқа iPad-тың 20-шақты үлгісін ұсынды. Олардың әрқайсысы жеке бөлмелерге орналастырылып, құпиялықты сақтау мақсатында беттері бархыт матамен жабылып қойылды.
Құрылғыларды тестілеуге Джобс пен Айв қана қатысып, олар өз таңдауын экраны 4:3 қатынастағы 9,7 дюймдік планшетке тоқтатыпты.
Стив Джобс жайлы 20 дерек

Стив Джобстың шыққан тегі сириялық. Оның туған әкесінің аты-жөні - Абдулфаттах Джандали (Abdulfattah Jandali).
Джобстың қарындасы – жазушы Мона Симпсон (Mona Simpson). Қарындасының бар екендігін есейгенде бір-ақ білді. Қарындасы алғашқы «Қай жерде болса да, тек мұнда емес» (Anywhere But Here) деген романында өзінің ата-анасымен қарым-қатынасы жайлы (олар Стивтің де ата-анасы еді) жазады. Джобс пен Симпсон өздерінің ағайынды екенін 1990 жылдарға дейін білген емес. Бұл бір жағынан табиғат пен тәрбие арасындағы даудың айғағы іспетті. Екі бала да өмірді сезінудің айрықша табиғатына ие және олардың екеуі де бір-бірінен тіпті алшақ салалардың ең үздік өнерлілерінің қатарынан орын алған.
Джобстың туған ата-анасы магистратура студенттері ретінде баланы тәрбиелеу ауыртпалығын көтеруге дайын екендіктеріне күмәнді болғандықтан, ұлын басқаға асырауға береді. Бірнеше жылдан соң олар екінші балалы болады.
Стив ол ата-анаға баланы бір ғана шартпен - олар жоғары білімді болса ғана беруге келісті. Бірақ баланы алған жұп бұларды алдайды. Соңынан белгілі болғаны, олар колледжде оқымаған (шешесі тіпті, орта мектепті де бітірмеген) болып шықты. Баланы беру-бермеуді ойланған кезде , олар Стивті қалайда колледжде оқытуға уәде береді.
Стив Atari-де жұмыс істеп жүрген кезінде Breakout (арканоид) ойыны үшін басып шығару тақшасын дайындауға тапсырма алады. Atari компаниясының негізін қалаушы Нолан Бушнелдің айтуынша, компания машинадан алынып тасталатын әр чип үшін 100 доллар ұсынған. Джобс тақша-ның құрылымынан хабары аз болғандықтан, Вознякпен егер ол чип санын барынша азайта алатын болса, бонусты тең бөліп алуға келіседі. Возняк чип санын 50-ге кемітіп, Atari-ды таңғалдырады. Осы құрылымда чиптің тығыз орналасқа-ны соншалық, оны жинау желісінде қайта жинау мүмкін болмайды. Міне сол кезде Джобс берген уәдесінде тұрмай, компания оған 700 доллар (шындығында 5000) төледі деп, оған 350 доллар ғана береді.
Ол өзін бедеумін деп санап, бірінші баласын мойындамайды.
Стив пескетарианц еді. Басқаша айтқанда, ол ет жемейтін, тек балық пен вегетариандық тамақтарды (жұмыртқа мен сүт өнімдерін қоса) пайдаланатын.
Джобс монастырға кетіп, монах болуды ойлайды. Джобстың үйлену рәсімін оның думанды тобы мен будда монахы өткізеді.
Стив Джобс жас кезінде ең азы бір рет ЛСД қолданған. Ол бұл тәжірибе «менің өз өмірімде істеген екі не үш нәрсемнің ішіндегі ең бір маңыздысы болатын»,- деп айтыпты. Джобс әрдайым өз-өзіне сенімділігімен ерекшеленетін. Оның жасы 12-ге толғанда, радио детальдары таусылады да, ол бірден Уильям Хьюлетке (Hewlett-Packard-та істейтін): «Менің атым Стив Джобс, Сіздерде менің жиілік есептегішін құрастыруыма пайдалануға болатындай қосалқы бөлшектер табылар ма екен, соны білгім келеді»,-деп телефон шалады. Баламен сөйлескен Уильям оның сұраған барлық заттарын жібереді және оны каникул кезінде өз фирмасына келіп жұмыс істеуге шақырады.
10. Apple компаниясын құрушы Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең аз айлық алатын директор ретінде тіркеліпті: ресми құжаттар бойынша, Джобстың айлығы жылына 1 долларды құрапты.

11. Джобс 1983 жылы Джон Скаллиді Pepsi-Cola компаниясынан Apple-ге ауысуға көндіреді. Ақырында, араларында пайда болған кикілжіңнен Стивтің өзі жоба жетекшілігінен шеттетіліп, Apple-ден кетуге мәжбүр болады.

12. Джобс көп жыл бойы The Beatles-ді барынша жақсы көрді. Бұдан басқа ол классикалық музыкаларды, әсіресе Бахты сүйіп тыңдайтын. Ол Барбара Стрейзанд шығармашылығын ынтамен бақылап, оның қатысуымен өтетін концерттер мен басқа да шараларға жиі баратын.

13. Стив нөмірі жоқ автомобиль (Mercedes SL55 AMG) жүргізе-тін және машинасын әрқашан мүгедектерге арналған орынға қоятын.

14. Apple қызметкерлерінің 90 %-ы Стив Джобспен ешқашан кездеспепті.

15. Джобс Pixar студиясын 10 млн. долларға сатып алып, оны Disney компаниясына 7,5 млрд.-қа сатыпты.

16. Стивтің аяғы 48 мөлшерлі болатын.

17. Apple II (алғаш 1977 жылы таныстырылған) сол кездің неғұрлым танымал компьютеріне айналған кезде Стив бар болғаны 25-те еді және ол өз уақытының ең жас миллионері болатын.

18. Стив бірнеше мәрте баспасөздегі ең жек көрінішті директорлар тізімінің басында тұрды.

19. Bloomberg-тің жаңалықтар бөлімі 2008 жылғы 29 тамызда Стив Джобстың өліміне арналған 17 беттік қазанама жариялайды. Бақытына қарай, ол қателік тез байқалды.

20. Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында қайтыс болды.

• ДОНАЛЬД ТРАМП

Қиыншылықтарды жеңу, сынақтардан сүрінбей өту әрбір пенденің өмірдегі басты мақсаты және ұстанымы. Ешқашан берілгіміз және жеңілгіміз келмейді. Бірақ осының бәрін жасап жатырмыз ба? Қалауымыз орындалып жатыр ма?

Күнделікті өмірде біз көптеген келеңсіздіктерге тап боламыз. Сынаққа шыдамай өмірге жеңіл қарап, қанша адамдар сынып жатыр. Өзін керексіз бір адам ретінде сезініп, түңіліп кететін адамдар да болады, солай емес пе? Тіпті, бастамай жатып, қол сілтейтіндер де жеткілікті. Ондайларды «Жаңбыр жаумай су болғандар» деп жақсы келтірген. Бұның бәрі ненің салдарынан деп ойлайсыздар? Егер үлкен жетістікке қол жеткізем десеңіздер, көптеген кедергілерге қарсы тұруды үйренгілеріңіз келсе, бүкіл әлемге өзіңіздің қандай мүмкіндікке ие екеніңізді көрсеткіңіз келсе, Отан мен ата-ана алдындағы борышыңызды орындағыңыз келсе, онда әлемді мойындатқан АҚШ-тың ең ірі «Trump International» құрылыс корпорациясының қожайыны, миллиардер Дональд Трамптың «Ешқашан берілме!» атты еңбегінінің кейбір тұстарын назарларыңызға ұсынамыз. Жазбадан мотивация алатындарыңызға сенімдемін.

Бизнес & Мен: Ешқашан берілме!!! (Дональд Трамп)

Өмірде адам басынан қиыншылық өтпей қоймайды.
Бұл сөзіммен бәрі келісер... Қандай сынақ болмасын оны бастан кешірген адамдар бір-бірін жақсы түсінеді. Бір жазушы айтып еді: бұл жерден әлі ешкім тірі кеткен жоқ деп. Мүмкін артық айтқан шығармын, бірақ қарыздарыңыз миллиард доллар көлемінде болғанда, басқаша ойлар едіңіз. 90-жылдары менің өз кепілдігіммен алған қарызым 975 миллион болды. Банкорт болдым, банктер кудалады, адамдардың барлығы мені көрсе ат тонын ала қашатын. Тоқырау кезеңі еді, жылжымайтын мүлік нарығы уақытша өмір сүруін тоқтатты. Бір сөзбен айтқанда, қайғылы кездер болды. Радиостанциялар бұл жаңалықты жедел таратты. Барлығы тек менің империямның құлағаны туралы айтып жатты. Ол әлем жаңалығына айналды, бір ауыздан барлығы «БІТТІ!» деді. Әрине, бұл керемет жаңалық болар еді, менің орнымда басқа біреу болса! Өмірімнің өте қиын кездері... Кінәм, өзімді сәл жетістікке жеткеннен соң, патша Мидас сезініп кеткенім болды. Ақыры мені құртқан өзімшілдігім болды.

Дегенмен беріле салу менде жоқ қасиет. Осының соққылар мен айтылған сын-пікірлердің арқасында мен сол сәтсіздікті жеңдім. Бұрышқа мені итерген сайын, жоғалтқанымды еселеп қайтаруға деген құлшынысым күшейе берді. Өз ұстанымымда берік тұру, табандылығым, күш-қайратым, алға қойған мақсатқа қайтсем де жету, берілмеу арқылы ғана олардың қателескенін мойындата алатынымды түсіндім. Осы кезде маған не күш берді? Сенесіздер ме, осы келеңсіз жағдайды сәтті мүмкіндік ретінде көрдім. Барлық мені көре алмағандарға, сыншыларыма, бәріне менің алдыңғы жетістігім кездейсоқ нәрсе еместігін, менің ойыммен санасу керек екенін дәлелдегім келді. Осыдан алған өмірлік сабағым — ойыңызды проблемаға емес, оның шешіміне жинақтау.
Мені «Гиннестің рекордтар» кітабына түседі деп ойладыңыздар ма? Жоқ, бірақ менің ол кітапқа есімім 1990-жылдардағы қаржылық құлдырауға байланысты енген. Мен бұны мақтан тұтамын. Бұл жағдай маған атақ пен даңқ сыйлады.
Көптеген жандар тығырыққа тірелгенде, сәтсіздікті олардың тағдыры деп есептейді. Ең басты құпия — мықты жігердің және асқан төзімділіктің басым болуы. Себебі кез-келген проблема – біздің өміріміздің жартысы. Келісесіздер ғой? Проблемалар арқылы ғана өзімізді шыңдап, жетістікке жете аламыз. Егер сіз бизнес ашуға дайын болсаңыз, сізге ешқандай кедергілер мен күмәнді шешімдер қорқыныш тудыра алмайды. Сіздің жағдайыңыздан да, иә, сіздің дәл қазіргі күніңізден де нашар күйдегі адамдар да өмір сүріп жатыр бұ әлемде. Шын айтамын, жан-жағыңызға қараңыз, сізден де ауыр күнді бастан кешіп жатқан адамдар бар. Ең дұрысы, ондай жағдай туа қалса, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен күшіңізге сену керек.
Investigationes
CHARLES S. ANDREWS
3139 Brownton Road
Long Community, MS 38915



+7 495 287-42-34 info@ucoz.com
Mirum
sample map