Жаңа бизнес стратегиясын қалайтын іргетастар

Көп жағдайларда бизнес-кәсіпорынның стратегиялық жоспарын құратын адамдар стратегияның не екенін, оның сәтті жүзеге асырылуы үшін не істеу керек екенін анық түсіне білмейді. .

Бизнес-кәсіпорынның стратегиялық жоспарын құратын басшылар көп жағдайда стратегияның не екенін, оның сәтті жүзеге асырылуы үшін не істеу керек екенін анық түсіне білмейді . Дүние жүзінде танымал «стратег» Майкл Портер соңғы жылдары ел аралап, осы жөнінде мәселе қозғап жүр. Біз назарларыңызға сәтті стратегияны құрудың нақты әрі түсінікті 10 негізгі элементін ұсынамыз.

Компания стратеги ядан басталып , сонымен аяқталады . Бизнес-кәсіпорынның стратегиялық жоспарын құратын басшылар көп жағдайда стратегияның не екенін, оның сәтті жүзеге асырылуы үшін не істеу керек екенін анық түсіне білмейді . Дүние жүзінде танымал «стратег» Майкл Портер соңғы жылдары ел аралап, осы жөнінде мәселе қозғап жүр

Майкл Портер – Harvard Business School Іскерлік әкімшілігі кафедрасының профессоры,бәсекелестік стратегиясы мен халықаралық нарықтағы бәсекелестік саласының жетекші маманы. Профессор Портер Гарвард іскерлік мектебі бөліміне 1973 жылы қабылданып, мектеп тарихындағы ең жас профессор атағына ие болды. AT&T, DuPont, Procter & Gamble, Royal Dutch/Shell атты белгілі АҚШ және халықаралық компанияларға бәсекелестік стратегиясы жөнінде кеңес берген, Alpha-Beta Technologies, Parametric Technology Corp., R&B Falcon Corp , ThermoQuest Corp компаниялардың Директорлар Басқармасына қызмет көрсеткен. Портер – 15 кітап, 50-ден астам мақалалардың автор ы .

Майкл Портер ұсынған стратегияны қалайтын 10 к ірпіш

1. Бірінші болуға ұмтылмай , бірегей болуға ұмтылу керек

Стратегтер жіберетін қателердің ішіндегі ең бастысы және ең қауіптісі – бұл бәсекелестермен бір тауашаның шеңберінде сайысу: « Бәсекелестеріңнің іс-әрекетін қайталау – бұл стратегия тұрғысынан қарағанда сәтсіздікке ұшырау деген сөз ».

Мақсатыңыз өз өнеркәсібіңіздегінөмірі 1 немесе 2, тіпті ең озық компания болу емес. Сіз жаңа маркетинг жолдарын тауып, бірегей сауда ұсынысын паш ететін бірегей компания болуыңыз керек.

2. Сіздің негізгі мақсатыңыз – тиімді инвестициялар

Компанияның басты мақсаты – инвестициялық қаржы пайдалылығының жоғары коэффициенті (ROIC); компанияның өсуі – екінші реттегі мақсаттар қатарында, оны жүзеге асыру, тек бірінші басты мақсатқа жеткеннен кейін жүзеге асады. Нарықтағы үлесін арттыру, табысын өсіру, сатылымдарды өсіру т.с.с мақсаттарына аса назар аудару - компания стратегиясының ішкі тәуекелдерін елеулі арттырады.

3. Өнеркәсіп – стратегиялық анализдің негізі

Компанияның экономикалық тиімділігі екі нәрседен: өнеркәсіп құрылымы (бәсекелестіктің жалпы ережелерін құрушы) және өз саласындағы компанияның алатын орнынан (бәсекелестіліктің артықшылық көзі) құрылады. Стратегия осы элементтің екеуін де қамтиды. Әр салада жұмыс істейтін компаниялардың ROIC-терін салыстыру бос тірлік.

Мысалы, Pharmacia&Upjohn фармацевтикалық компанияның ROIC-і 1985-2002 жж. мерзімінде орташа алғанда 19,55% құрады, ал Southwest Airlines әуекомпаниясының осы мерзім бойынша көрсеткіші 12,75% деңгейінде ғана болды. Дегенмен егер біз сала бойынша жалпы көрсеткіштерді қарастырсақ, орташа ROIC фармакологияда 28,14%-ды құрса, ал негізінде төмен көрсеткіштер тән әуе индустриясында ол көрсеткіш тек, - 5,05% құрайды. Сонымен, компанияның сәттілігі туралы оның нарықта алатын орнына және өз саласындағы көрсеткіштеріне қарап айту жөн.

4. Ортақ шешімге келуден бас тартпаңыз

Стратегияның ең маңызды бөлігі ол екі стратегиялық позиция бір-біріне қарама-қайшы келген кезде дұрыс таңдау жасау, демек компанияға қайсысы тиімді екенін ажырата білу.

Neutrogena Soap Компаниясы 1990 жылы сезімтал теріге арналған өте жұмсақ сабынды таңдап, үлкен табысқа жетті. Бренд дерматологтар ұсыныстары бойынша бірінші орын ды иеленіп, оы тауар түрін пайдаланушылар санының аздығына қарамастан көптеген халықтың көңілінен шықты.

5. Стратегияның әрбір буыны табысты болуы керек

КОМПАНИЯНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ҚҰРУ ТІЗБЕГІНІҢ ТЕК БІР БУЫНЫНДА ШОҒЫРЛАНУЫ ДҰРЫС ЕМЕС.

Нарықты дем арасында жаулап алған Zara Компаниясын сәтті стратегияның айқын мысалы ретінде келтіруге болады. Zara коллекциясын жиі ауыстырады – жылына 15 реттен астам (сол сегменттегі басқа компаниялар коллекцияларын асса әр мезгіл сайын бір рет ауыстырып отырады), жетімді бағалар мен жаңа тенденциялар, киімді Еуропаның өзінде тігу (Қытай мен Гонконгтан жеткізуге уақыттары жоқ), дүкендерді қалың жұрт білетін және де көп келетін жерлерде орналастыру (ірі сауда орталықтарында, басты көшелерде), ақпарат құралдарындағы жарнамадан гөрі риза болған адамдардың бір-біріне мақтап айтылатын жарнамаға сенім арту т.с.с., міне осы буындардың барлығы нәтижесінді компанияны үлкен табысқа жеткізді. Ал олардың бір буынын ажыратып, тек соны ғана қайталау мүмкін емес. Бұл стратегия тек біртұтас күйінде ғана тиімді.

6. Стратегия тұрақты болу керек

Стратегияның тиянақтылығы компанияның негізгі құнды ұсынысы тұрақтылығының кепілі болатыны сөзсіз. Өз стратегияңнан қайта-қайта ауытқып, үнемі пайдаланушының ырқына жығыла беруге болмайды. Компанияның пайдаланушылар талаптары мен шағымдарына көбірек көңіл бөлуі таңдап алынған стратегияны жүйелі жүзеге асыруға бөгет жасайтын жәйт: «Біз оларды тым қатты тыңдаймыз. Кейде тіпті оларға басқа бәсекелес компанияға кете беріңіз деуге де болады. Өйткені дұрыс стратегия осындай тәуекелдерді құптайды – басқа пайдаланушылардың ризашылығын арттыру үшін кейбір пайдаланушылардың наразылығын тудыру мүмкін деп саналады.

7. Өз сегментіңізді таңдап алыңыз

Стратегия құрудың маңызды бөлігі – ол сегментация. Сіз кез келген тұтынушы сегментін, өнім және қызмет немесе тауарды сатып алу мотивациясын таңдай аласыз. Тіпті ол алғашында тартымсыз болса да .

Ең маңыздысы, таңдап алған сегмент шектері нақты белгіленіп, құндылықты құру тізбегінің буындары сол сегменттке сәйкес болу керек.

8. CEO – стратегияны «тұтынушы» да, оны алға қарай қозғаушы да емес.

Компания басшысының стратегияны өңдеп, жүзеге асырудағы рөлі мынадай :

Стратегиялық жоспарды құру кезінде есепке алынатын мәселелерді қою; стратегияны әзірлеу процессіне қатысатын адамдарды таңдау; стратегияны әзірлеудің алғашқы кезеңінде компанияның барлық бизнес-бөлімшесінде жасалынатын жұмысқа белсене қатысу; Директорлар кеңесін компанияның негізгі стратегиялық жоспарымен таныстыру; сырттан шақырылатын кеңесшілерді тарту.

Есте сақтайтын жәйт, стратегия тек жоғары лауазымдағы басшыларға ғана емес, мекеменің барлық мүшелеріне де ортақ болу керек : «Е гер компания қызметкері ( қай деңгейдегі қызметкер болмасын ) таңдап алған стратегияны мүлдем мақұлдамаса, ондай қызметкер сіздің компанияңызда әрі қарай жұмыс істеуі мүмкін емес.

9. Мыналар Стратегия деп саналмайды :

Мақсаттар ; көріну ; реструктуризация; бірігу мен сіңіру ; альянс тар және серіктестіктер ; технологи ялар ; инноваци ялар ; аутсорсинг; оқыту .

10. Стратегия – бұл :

Бірегей мағыналы ұсыныс, бәсекелес компаниялардан мүлдем өзгеше болатын құндылық құру тізбегі ; икемді болуға тырысу және де компания тарапынан ЕШҚАШАН жасалынбайтын әрекетті анықтау ; бір-бірімен үйлескен және бірінің нәтижесін екіншісі арттыратын әрекет жасау ; позиция лаудың тұрақтылығы. Ақпарат: Бизнес.информ

БОЙ ТІКТЕУДІ КҮТКЕН КӘСІПКЕРЛІК АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСТАУҒА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ

Кәсіпкерлікті қолдау қалай жүргізілу керек? Өз ісіңді бастау немесе отбасы кәсібін жүргізе қою оңай емес. Әр отбасында кәсіпкерлік дәстүрге айналуы тиіс екені аталды Елбасы Жолдауында.
Былтыр Шелек қаласында Агробизнес орталығы ашылған болатын. Мұнда аудан шаруаларына ауылдық жерлерде бизнес жүргізудің сәтті әдістемелерін үйрету қолға алынды. 2012 жылы ауданның 200 фермері қатысқан 16 шеберлік сабағы мен оқыту тренингі өткізілді. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының ынтасын ашып, қатысушылардың өз бетімен жиналуына түрткі болды. Нәтижесінде 2013 жылы бағдарлама кеңейтіліп, ауылдық жерлерде бизнесті жүргізу дағдыларын дамыту жөніндегі оқыту фермерлерге ғана емес, ауданның жұмыссыз тұрғындары мен жаңа бастаушы кәсіпкерлері де тартылды. Ауыл тұрғындарына қарапайым, түсінікті тілмен жеткізу мақсатында бизнес жаттықтырушылар осы ауылдардан таңдалып алынды. Өз кезегінде олар 25-30 адамнан құралған топ құрып, 10 кентте «жаңа бастаушы кәсіпкерлер мектептері» ұйымдастырылды. Бизнеске баулитын мектепті 249 тұрғын сәтті тәмамдады. Осы жылдың маусымында «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауым­дастықтарының қоры» «Идеядан бизнеске дейін» атты үздік жоспарға бәйге жариялаған еді. Кәсіпкерлер мектебінің курсын бітірген ауыл тұрғындарынан 84 өтініш түскен. Мұнда жүн өңдеу, жылыжай шаруашылығы, тігін цехы мен наубайхана, шаштараз ашу сияқты бизнес жоспарлар ұсынған 13 жеңімпаз анықталды. Кәсібін бастауға сертификат алғандардың бірі Әлияс Көкенов: «Менің қазіргі шаруа қожалығымның атауы – Аян. Ағам екеуміз шаруашылықты бірігіп жүргіземіз. Шаруашылық Торыайғыр жазығы, Қарағайлы қыстауында орналасқан. Қой шаруашылығымен бала кезімнен айналысып келем. Біздің кәсіп энергияға тәуелді, жарық жоқ, қой төлдеген кезде қадағалау керек. Қазіргі заманға сай қорамызға жарық беретін күн батареясын орнатсақ деген ойымыз жүзеге асатын болды. Ол шаруашылықты кеңейтуге, төл басын шығынсыз алуға септігін тигізеді, – дейді. Ал компьютер клубын ашқан Күләнда Масақ ауылында тұрады. Жолдасы көлік апатына түсіп, екі жылдан бері жүруден қалған. Екі баланың анасы. Ауыл балаларының көбі компьютер іздеп, Шелекке келеді. Келіп кеткен жолақысы бар. Бұл ауыл тұрғындарын біраз шығынға ұшыратады және уақытын жоғалтады. «Нәпақа табудың соңында әр түрлі жұмыс істеп жүрдім, мектепте сабақ бердім. Кәсіпкерлер мектебіне жазылып, өз бизнес жоспарымды өткіздім. Өткен жылы ауламыздан компьютерлік клуб аштық. Міне, бізге тағы компьютер беріп отыр. Оқушыларға қиын түседі. Бұған дейін көшірме аппаратын қойып, көшірме жасап жүрдік. Бизнес жоспарды жасағанда пайдасы көп екенін байқап, сосын ашуға бел будық. Ал кәсіпкерлер мектебінен көп нәрсені білдік, өз бетімізше ешқашан білмес едік. Соның арқасында отбасы бюджетін де алдын ала есептейтін болдық», – деді жас кәсіпкер.

Жеңімпаздарға қажетті жабдық­тарды сатып алу мен ұсынылған бизнес жоспарларды іске қосу үшін «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастығының қоры» қаржылық қолдау көрсетті.

Дүниежүзінде экономикасы бай мем­лекеттердің барлығы шағын кәсіп­керлікті жақсы дамытқан. Қарапайым халық арасында қажетті тетікті тауып, өз кәсібін бастауға демеу әрқашан керек. Кәсіпкерлерді қолдау шарасына Парламент Мәжілісі депутаты Нұрлан Жазылбеков қатысты. Ауыл кәсіпкерлеріне құттықтау айта келген депутатты сұхбатқа тартқан едік.

– «Кәсіпкерлер мектебі» қор есебінен қаржыландырылады екен. Сонда оқыту жұмыстары қашанға дейін ұласпақ?

– Оқыту жұмыстарының жақсы жүргендігі сондай, Оралдан келіп кәсіпкерлер мектебінде білім алып кеткендер бар екен. Бұл – мектептің өзін көрсеткендігінің белгісі. Әр өңірде осындай кәсіпкерлер мектебі ашылса, нұр үстіне нұр. Тегін оқыту тоқтатылмайды, бірақ жыл сайын грант тарату жағы әзірге белгісіз. 80 өтініштің 50-і бекітілген бизнес жоспармен түскен, мұның өзі үлкен көрсеткіш емес пе? Жақында Елбасының Жолдауында ауылшаруашылығына үлкен мән беріліп отырғанына куә болдық.

– Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін басқа қандай шаралар қолданылуда?

– Еліміздің экономикасын елу пайызға жеткіземіз деген мақсат қойдық. Бұл мақсатқа тек шағын кәсіпкерлік қана жеткізеді. Шетел тәжірибесі көрсеткендей, дағдарыс кезінде шағын кәсіпорындар ғана дағдарысқа бой алдырмайды екен. Ал ірі кәсіпорындар құрдымға бірден кетеді. Ауылда біреу азық-түлік дүкенін ашса, бәрі жаппай дүкен ашуға тырысады. Мұнда тігін цехы, фото салон, шаштараз да бар. Енді осындай қорлар көбейсе, алдымызға қойған мақсатқа жылдам жетеміз. Кәсіпкерлікке қатысты заңнамалр жеңілдетіліп жатыр. Бүгінде Парламентте соның бірталайы оқылымға берілген. Елбасы Жолдауында да кәсіпкерлікке үлкен мән берілді.

– Қор кәсіпкерлердің істі одан әрі жүргізіп әкетуін қадағалай ма?

– Кәсіпорынды аяғынан қаз­ қаз тұрғызды. Оған енді еш­кім­нің көмегінің қажеті жоқ. Дү­ние­жүзінде екі үш жүз жылдық тарихы бар, ата бабасынан қалған кәсіпорындар бар. Бізде неге жоқ? Біздің арғы аталарымыз мал шаруашылығымен ай­налысты. Осы кәсіпті бүгінде да­мытуға болады, етін экспорттап, кон­серві зауыттарын салып, шетелге танытуға болады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге айтарым, одан әрі білімін же­тілдіру керек. Жаңа айтқандай, бас­қа қаладан келіп білім ал­ғандар бар. Бұл басқа өңірлерде осы проблеманың өткір екенін, аймақтардан кәсіпкерлік мектебін ашу керектігін білдіреді. Оның үстіне бұл қоғамдық қордың арқасы қаржыландырушы – мемлекет емес. Ендеше, бұл мемлекетке тек пайда ғана әкеледі.

– Жастарды ауылға қай­та­ру­дың бірден-бір жолы жұмыс орындарын ашу ғой...

– Жастар ауылдан неге қа­ша­ды? Жұмыссыздық кеулеп алған, істейтін кәсіп жоқ. Қай ауылға барсаң да жұмыссыздық. Осы мәселені шешу үшін әр ауылда әр түрлі салаға басымдық беру керек. Мәселен, осы жеңімпаздардың ішінде қуыршақ тігетін шебер бар. Ол кімге керек деп ойлайды ғой көпшілік. Бірақ маркетинг есептелген, шығыны мен кірісі де қарастырылған, кәсіпкерлік білімі бар кәсіпкердің қолынан шыққанын байқаймыз. Аймақтарда жергілікті қорлар мен кәсіпкерлерлікке баулу мектептерін ашу арқылы, жастарды ауылға қайтара аламыз. Бұл қор бастапқы көрсеткіш қана. Оған мемлекет те көмек көрсетуі қажет.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Өз жобасын ұсынып, кәсіп­кер­лік мектебін тәмамдаған кәсіп­кердің бірі – Бекболат Әсиян. Жаңа кәсіпкер жылыжай ашу туралы жоспар дайындап, дайын жылыжай құрылғыларына ие болды.

– Жылыжайдан бір мау­сым­да қанша рет өнім аласыз ма?

– Қыркүйек, қазан айларында көшетті отырғызсақ, желтоқсан, қаңтар айларында сатылымға шығарар едік. Сонда бір маусымда бір-ақ рет өнім аламыз деген сөз.

– Кәсіпкерлікті жаңадан бастау қаншалықты қиын болды?

– Қазақстан азаматтығын ал­ғанымызға сегіз жыл бол­ды. Осы жылдары өзімізге пай­­­далы қызанақ, қияр өсір­дік. Айналысқан шаруа болған­дықтан, аса қиындық болды деп айта алмаймын. Оның үстіне бізге көмектесіп жатыр. Келешекте осы кәсіпті жалғастырамыз, әрине. Он шаршы метрден екі үш тонна қияр шықса, сатып, шыққан пайдасын есептейміз.
Түркістан газеті.

Бизнес жобаны қалай таңдауға болады?

Жеке кәсіп алдымен белгілі бір «Бизнес жобадан» басталады. Ол тәжірибелі маманның немесе жас студенттің ойына да келуі мүмкін.
Бастысы – «бизнес жоба» бар және ол нарықта сұранысқа ие. Яғни, болашақта пайда әкеле алады.
Нарықта кең таралып үлгермеген жаңа істі жүзеге асыру бизнес жобаны қайдан және қалай табуға болады? Дәл осы сұрақтар өз ісін бастаймын деген кәсіпкерді ойландырады. Бұл сұрақтың шешімі айтарлықтай қарапайым. Жаңа кәсіпті ашардан алдын келесі қадамдарды орындағаныңыз абзал: нақты бизнес жобаны тауып, оның барлық ерекшеліктерін сараптай білу.
Бірегейлік - әрбір үздік бизнес жобаның басты сипаты болып табылады. Сөйтсе де, бизнес идеяның бірегейлігі әрдайым жаңа кәсіптің түрін ойлап табу дегенді білдірмейді. Бұл ұғымдарды шатастырмау керек. Бизнес жобаның іске асқан уақыты мен орыны ол жобаның бірегейлігін айқындайтын басты белгісі. Мысалы, Сіз тұратын ықшамауданыңызда азық-түлік дүкенін аштыңыз. Егер дәл осындай дүкен көршілес ауданда болса, Сіздің дүкеніңіз жоғары сұранысқа ие болады. Бұл жобаның іске асқан орыны бойынша бірегейлігін айқындайды. Яғни, бұл кәсіптің жаңа жаңа түрі емес (азық-түлік дүкендері барлық жерде бар), бірақ келтірілген мысалдағы бизнес жақсы табысқа ие болады.
Бизнес жобаны іске асыру үшін қаржы таба білу – екінші маңызды қадам болып табылады. Жаңа жобаның қымбаттылығына байланысты бизнестен бас тарту көптеген кәсіпкерлердің қателігі болып табылады. Елмізде сондай ақ шетелдерде жаңа жобаларды қаржыландыратын инвесторлар жеткілікті. Сонымен қатар бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер несиелендіру жүйесін жетілдіріп, кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер қарастырған.
Бизнес жобаны жүзегі асыру үшін нарықты зерттеу керек.
Көп жағдайда нарықта терең зерттеулерді жүргізу үшін кәсіпкердің қаражаты жетпейді, дегенмен, бүгінгі күні интернет арқылы кез-келген адам ауқымды ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады.
Алдымен, бәсекелестердің сайттарына бірнеше күн арнау керек. Тауар немесе қызмет көрсету түрлері қаншалықты таралған және сұранысқа ие? Салымдар қаншалықты жылдам қайтады? Компания туралы клиенттер қайдан біледі? Кәсіпкер басты мәселелерді белгілеп сараптаса, оны жайсыз тосын сыйлар соғұрлым аз күтеді.
Осыдан кейін бизнес-жоспарды әзірлеуге көшуді ұсынамыз.
дереккөз: Кәсіпкер.инфо

АСҚЫНҒАН ДЕРТТІҢ ЗАРДАБЫ

Алпауыт инвестор мұнайға сенбейді Әлемді әрі-сәрі күйге душар еткен мұнай бағасы жақын арада тұрақтанып, бұрынғы деңгейіне жетуі мүмкін емес сияқты. Басқасын былай қойғанда, оған мұнай саласындағы планетамыздағы ең бай инвестор Уоррен Баффет сенбейтін көрінеді. Өткен жылы күрт құлаған мұнай бағасы соңғы күндері әрбір баррелі 60 доллардан асып, көтеріле бастағандай болған. Бірақ мұнай бағасының бұрынғыдай шарықтап көтерілуіне инвесторлардың сенімі жоғалған сияқты. Алпауыт инвестор Уоррен Баффет «қара алтынға» деген сенімін жоғалтып, оның иелігіндегі Berkshire компаниясы Exxon компаниясындағы 3,7 миллиард доллар көлеміндегі акциясын сатты. Осы жерде айта кететін бір мәселе, Уоррен Баффет өзінің бас айналдырар байлығын әртүрлі компаниялардың, оның ішінде, энергетикалық саладағы компаниялардың акцияларын сату және сатып алу шараларының арқасында жинаған болатын. Қара алтын бағасы көтерілген кезде ол орасан зор байлыққа кенелді. Мәселен, 2007 жылы PetroChina Со акцияларын сату арқылы ол 3,5 миллиард доллар пайда тапқан болатын. Berkshire компаниясы америкалық мұнай алыбы Exxon компаниясының 41,1 миллион доллар акциясынан құралған пакетке ие болған еді. 2010 жылы орта есеппен бұл акциялардың әрқайсысы 90,86 доллар тұратын. Өткен жылдың 4-ші тоқсанында Баффет компаниясы осы акциялардың әрқайсысын орта есеппен 93,27 доллардан сатты. Сарапшылардың айтуынша, Уоррен Баффет өзінің қаржысын сенімді салаларға сала бастаған көрінеді. Оның ең ірі активі International Business Machines Corp компаниясының акцияларында болатын. Баффет осы компаниядағы өзінің онсыз да ірі құнды қағаз портфелін өткен жылдың аяғында тағы да 6,5 миллион доллар акциямен толықтырды. Қазір Berkshire компаниясының IBM компаниясының акциясындағы үлесі 12,4 миллиард доллардан асты. Сонымен бірге, Berkshire компаниясының ауыл шаруашылығы саласындағы акциялары да өсе бас­тады. Мәселен, ол соңғы кезде ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын шығаратын Deere & Co өндіріс орталығындағы өзінің акциясын еселей арттырды. Berkshire компаниясының теміржол, электр және қайта өңдеу салаларындағы серіктес фирмалардағы акциялары да өсіп барады. Қарызға белшесінен батқан Америка Дүниенің төрт бұрышын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын Американың өзі қарызға өмір сүреді дегенге сену қиын. Алайда, бұлтартпайтын ақиқат біреу, дәл қазір бұл жаһанда АҚШ-тай қарызға белшесінен батқан бірде-бір мемлекет жоқ. Бүгінде Американың сыртқы қарызы 18 триллион доллардан асты. Әлемдік экономикаға ықпалын жүргізетін алып экономика қарызсыз күнін көре алмайды. Қазір АҚШ-тың қай саласын алсаңыз да қарыздан көз ашпаған көріністі көресіз. Бұл елдің ең үлкен бес банкінің ғана қарызы бірнеше триллион доллардан асса, зейнетақы қорының қарызы 2 триллион долларға жетті. АҚШ-тағы студенттердің оқу ақысына төлейтін қарызы 1 триллион доллардан асып, орта есеппен студенттік несиелер бойынша қарыз 32 264 долларды құрады. «Естімеген елде көп» дегендей, тіпті, зейнет жасындағы адамдар да оқу ақысы бойынша қарызын төлейді екен. Әрбір қатардағы отбасы бүгінде банктерге тұрғын үй үшін 155 мың доллар қарыз болса, 2015 жылдың алғашқы айларында әрбір америкалық отбасының несие карточкасы бойынша қарызы 15,611 мың долларға жетіп, 1989 жылдан бері 81 пайызға артты. Ал тұтыну несиесі бойынша қарыз 1971 жылдың деңгейінен 1700 пайызға көтерілген. Жалпы, қарыз деген ұғым ұяты бар адамға тыныштық таптырмайтын құбылыс болса керек еді. Ал Америка Құрама Штаттары үшін қарызға өмір сүру қалыпты жағдайға айналған. Ең өкініштісі сол, АҚШ-тың сыртқа беретін қарызы тек соңғы жылдарда ғана еселеп артып отыр. 1981 жылдың 22 қазанына дейін АҚШ үкіметінің қарызы 1 триллион доллардан аспайтын. Бұл Америка тарих сахнасына шыққан 205 жыл ішінде қордаланған қарыз еді. Ал 1985 жылы бұл елдің қарызы 2 триллионға жетті. 2014 жылдың соңында 18 триллиондық көлемнен асты. Ең қызығы, соңғы 1 трил­лион доллар қарыз бар болғаны 403 күннің ішінде жинақталды. Амалсыз ойландыратын тағы бір мәселе, АҚШ-тың соңғы екі президенті өздерінен бұрынғы 42 президент жинақтаған қарыздан да артық қарыз алып, ел экономикасын тығырыққа тіреді. Мәселен, кіші Буш президент болған кезеңде мемлекет қарызы 77 пайызға артса, Барак Обама президент болған кезеңде мемлекеттің қарызы 57 пайызға өсті. Осы цифрлардан көрініп тұрғанындай, АҚШ-тың қаржы-несие саласы құмнан жасаған мүсіндей сәт сайын ыдырап кетуге дайын. Еңбекке қабілетті 88 миллион америкалық жұмыс істемейді және жұмыс істеуге құштар да емес. Себебі, олар үшін мардымсыз жалақы алып жұмыс істегеннен гөрі әлеуметтік көмек алып күн көрген әлдеқайда пайдалы. Осыдан біраз уақыт бұрын президент Обама айдай әлемге жар салып жария еткен әрбір сегіз жаңа жұмыс орнының жетеуі толық емес жұмыс күніне құрылған. Қазір АҚШ жұмысшыларының 53 пайызы жыл бойы 30 мың доллардан немесе күнкөріс деңгейі қаржысынан төмен жалақы алатын көрінеді. Соңғы экономикалық рецессия кезінде қысқартылған жұмыс орындарының салдарынан жұмыстан айырылған америкалықтардың 95 пайызы орташа деңгейлі тұрмысы барларға жатады. Осыған байланысты 2008 жылы америкалықтардың 53 пайызы өздерін орта тапқа жатқызса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 44 пайызға дейін төмендеді. Қазір 18-29 жас аралығындағы америкалықтардың 49 пайызы өздерін кедейлер қатарына жатқызады. Қазір ақиқатында да америкалықтардың арасында кедейлер саны күрт артып барады. 100 миллионнан астам адам федералдық үкімет жүзеге асырып жатқан әлеуметтік бағдарламаларға қатысады. Барак Обама президент болған кезеңде азық-түлік талоны арқылы күн көретіндердің саны 32 миллионнан 46,5 миллион адамға артты. Кедейленген америкалықтардың 22 пайы­зы шіркеулер жанынан ашылған азық-түлік беретін орталықтарға тіркелген. Мемлекеттің азық-түлік көмегі үшін бөлетін қаржысы 2007 жылғы 38 миллиард доллардан 80 миллиард долларға дейін артқан. Соңғы жылдары АҚШ-тағы баспанасыз балалардың жалпы саны 2,5 миллионға жетті. Мемлекеттік орта білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың 51 пайыздан астамы аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан және олар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. АҚШ президенті атап көрсеткендей, соңғы жылдары 10 миллион америкалық медициналық сақтандыру құжатына ие болған. Іс жүзінде америкалықтардың 35 миллионға жуығы әлі күнге дейін сақтандыру медицинасымен қамтылмаған. Жыл сайын бұл елде 45 мың адам медициналық шығындарды төлей алмай о дүниелік болады. Дүниежүзінде АҚШ-та медициналық қызмет көрсету ақысы ең жоғары болып табылады. Мәселен, Британ тәжінің мұрагері дүниеге келгенде медициналық қызмет үшін 15 мың доллар төленсе, АҚШ перзентханаларында туған әрбір нәресте үшін 30 мың доллар төленеді екен. Халыққа медициналық қызмет көрсету ақысының өте қымбат екенін АҚШ денсаулық сақтау министрлігінің өзі мо­йындап отыр. Принстон университетінің профессоры Э.Блайндердің болжамынша, таяу арадағы 20 жыл ішінде Америка тағы да 40 миллион жұмыс орнынан айырылады. Институт зерттеушісі Дж.Клифтонның айтуынша, соңғы 35 жыл ішінде алғаш рет жабылып жатқан фирмалардың саны ашылып жатқан фирмалардың санынан асып түскен. Сарапшылардың айтуынша, сыртқа қарызы 18 триллионнан асып отырған АҚШ экономикасының енді қарыз алып күн көруі күннен-күнге қиындай бермек. Инженер мамандар қысқартылады Норвегияның мұнай-газ саласына қарасты компания­лары алдағы уақытта инженер кадрларды қысқарту жөнінде арнайы бағдарлама қабылдаған көрінеді. Осы бағдарлама шеңберінде норвегиялық ең ірі «Statoil» атты мұнай компаниясы мыңдаған инженерлерді жұмыстан қысқартуға әзірленуде. «Stavanger Aftenblad» газетінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта осы компанияның 12 мың инженерлері қысқартылады екен. Осы ретте аталмыш компанияда еңбек ететін инженерлермен қатар, оның серіктес кәсіпорындарында жұмыс істейтін инженерлер де қысқартуға ұшырайды. Газет көтерген мәселе бойынша, бұл компанияда қысқартуға ұшырайтын тек инженер мамандар ғана екен. «Statoil» концернінің басшысы Эльдара Сятренің баяндамасында атап көрсетілгендей, өткен жылы концернде еңбек ететін 1900 маман жұмысшы қысқартылған. Сятре өзінің баяндамасында алдағы уақытта да қысқарту науқаны жалғасатындығын атап көрсетті. Сөйтіп, қызметкерлерді қысқартудың нәтижесінде концерн 1,7 миллиард доллар немесе 13 миллиард Норвегия кроны мөлшерінде қаржы үнемдемек. Газет мақаласында атап көрсетілгеніндей, қазір концерннің барлық еншілес кәсіпорындарында инженер лауазымындағы мамандарды қысқарту науқаны басталды. Норвегияның «Aker Solutions» инженерлік-құрылыс компаниясында мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты жүздеген мамандар қысқартылмақ. Қазірдің өзінде ком­панияның 300-ден астам маманына жұмыстан қысқаратындығы жөнінде хабарлама таратылған. Соңғы жылы бұл компанияның 500-ден астам маманы қысқартылыпты.
Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/02/24/50657

Apple корпорациясының басшысы Тим Кук өзінің бар байлығын қайырымдылыққа жұмсамақ.


.Fortune басылымына берген сұхбатында ол 10 жасар туыс інісінің колледждегі оқуына кететін шығынды өтеп болған соң осындай қадамға баратынын айтты. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады. Тим Кук қазірдің өзінде қайырымдылықпен айналысып келеді. Десек те, ол аздаған уақыт үзіліс алып, бұл істі жүйелеп алуды көздеп отыр. «Мен ақшамды оңды-солды шаша бермей, кедей-кепшікке жүйелі түрде көмектескім келеді», – дейді ол. Бүгінгі таңда кәсіпкердің таза байлығы 120 миллион долларға тең. Сондай-ақ, ол Apple-дің құны 665 миллион долларды құрайтын акциясына ие. 54 жастағы менеджер Apple корпорациясын 2011 жылдың тамыз айынан бастап басқарып келеді. 2014 жылы ол CNN-нің анықтауы бойынша «Жылдың ең үздік атқарушы директоры» атағын иемденді. Кук табысын қайырымдылыққа жұмсайтынын жариялаған алғашқы миллионер емес. Мұндай игі істің басында белгілі миллиардерлер Уоррен Баффет пен Билл Гейтс тұр. Олар 2010 жылы Giving Pledge атты филантропикалық кампаниясын құрды. Бұл ұйыммен серіктес болғысы келген адам бар байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсайтынын дәлелдеп, қолхат жазып беруі міндеті. Қайырымдылық шарасы ұйымға мүше миллионердің тірі кезінде және өмірден өткеннен кейін де жалғаса береді. Бүгінге дейін Баффет пен Гейтстің бастамасына әлемнің әр түкпірінен 150-ден астам миллионер қосылды. Олардың арасында Майкл Блумберг, Джордж Лукас, Юрий Миллер, Дэвид Рокфеллер, Тед Тернер, Владимир Потанин, Рифард Брэнсон және Марк Цукерберг сынды атақты байлар да бар.
Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/03/27/54619

Investigationes
CHARLES S. ANDREWS
3139 Brownton Road
Long Community, MS 38915



+7 495 287-42-34 info@ucoz.com
Mirum
sample map