Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!
Бизнес, бизнес және бизнес...

Бизнес – ағылшын тілінен алынған болып, “іс, іскерлік” дегенді білдіреді. Яғни бұл бизнес тек ғана қарын тоқ, қайғы жоқ, таңның атуы күннің батуы бір жалақыға қарап, дүйсенбі келсе қайғырып, жұма келсе қуанып, өмір бойы зейнет жасын күтіп, жұмыс істеу емес, керісінше өз ісіңді бастап, өз-өзіңе қожайын болу деген сөз.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Бизнес-жоспар деген не?

Бизнес-жоспар көптеген графиктері мен кестелері бар қалың бетті, түрлі түсті құжат болуы да, бір бетке қолымен жазылған парақ та болуы мүмкін.

Бастысы оның қандай қағаз екендігінде емес, бастысы ол ТАБЫС әкелетін ЖОСПАР болуы керек. Бизнес те осы мақсатта басталады.

Бизнес-ой (идея)

Кез-келген жоспардың негізі – бизнестің ойына негізделеді. Ой – әзірге немен шұғылдану керектігі туралы жалпы көріністі береді.
Оны бір сөзбен де айтуға болады: «Мен үйде отырып, теріден тақия тігемін!»
Бизнес-ой – бизнес-жоспардың бастама жолы, барлық жетістіктер осы бизнес-ойдың дұрыс таңдалғанына байланысты. Тек білімді және тәжірибесі мол бизнесмен ғана кез-келген бизнес-ойдан табыс таба алады. Ал жаңа бастап жатқандарға жақсы бизнес-ой таңдай білу керек.

Бизнес-ой жақсы болуы үшін қандай болу керек?

Ол бизнесмен үшін әлеуетті табысты және лайықты болу керек.

Табысты бизнес-ой

Табысты бизнес-ой деп бірінші кезекте нарықта бос орынды иемдене алатын, яғни ерекше ойды айтады.

Ал осы ерекше ойларды қайдан табамыз?

Ерекше ойлар біздің әрқайсымыздың ойымызға келеді. Бірақ біз оны ақылға қонымсыз деп керек етпейміз. Қазір теледидардан көптеген тауарларды жарнамалайды. Ол тауарлардың қайсысы болмасын, қарапайым, әрі ерекше ойға негізделген. Мысалы, жақында ғана сүлгісін ұстамай-ақ сығуға болатын еден жуғыштар шықты. Еш қиыны жоқ сияқты. Әрқайсымыз осындай еден жуғыш болса екен деп армандайтынбыз, алайда бір-ақ адам жасауға кірісті.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Табысты ой мынаны ұстану керек:

· Сатып алушы сіздің тауарыңызға мұқтаж болу керек, мұқтаж болмаса – бизнес жоқ. Кей жағдайда сатып алушы сіздің тауарыңыз туралы білмей, бірақ тауардың оған қажеттілігін түсінуі керек. Мысалы, сатып алушы қандай да бір дәрінің бар екенін білмесе де, оның қажеттілігін білу керек.
· Сатып алушылар сіздің тауарыңыздың құнын төлей алу керек. Егер сіз экологиялық таза қаймақ шығарып, аласыздар ма деп сұрасаңыз, он адамның оны иә дейді. Ал оған екі есе қымбат ақша төлейсіздер ме десеңіздер, жауабы сіздің көңіліңізден шықпауы мүмкін.

Табысты ойдың кезекті шарты: тәуекел аз болған сайын, жетістікке жету мүмкіндігі көбірек.
Салымыңызды мұздатқыш тартпаға салу, яғни жаз кезінде балмұздақ сатумен айналысу қызықты естіледі, алайда жаз жаңбырлы болса, табысқа жете алмайсыз. Ал нан сатумен айналысу, әр кез тиімді.


Лайықты бизнес-ой

Лайықты бизнес-ой дегеніміз – бизнесменнің мүмкіндіктері, яғни оның тәжірибесі мен біліміне сүйенеді.

Бизнес-ойдың сізге лайықты екенін қайдан білуге болады?

Оп-оңай: бұл бизнес басқаларына қарағанда, неліктен дәл сіздің қолыңыздан келеді.
Ең бірінші, өзіңіздің кәсіби деңгейіңіздің қаншалылықты екенін анықтау. Осы салада, яғни айналысайын деп отырған бизнесіңізде, қаншалықты білімді екеніңізді білу.
Кейде бизнестің сізге лайық екені жеке бастың қасиетіне байланысты анықталады. Мысалы, машинада жазуды басу шыдамдылық пен ұқыптылықты қажет етеді. Бұл жұмысқа тез, бірақ көп қате жазатын адамға қарағанда, шыдамды, ұқыпты адам көбірек сай келеді. Адамдармен араласқанды ұнатпайтын және жалғыз теледидардың алдында отыруды жақтырмайтын жанға саудагер болудың қажеті жоқ.
Бизнес лайық болады, егер сіздің қолыңызда қандай да бір жабдықтар, сай келетін бөлмеңіз болса.
Сонымен қорытындыласақ: сіздің ерекшеліктеріңіз – білім мен ептілік, жеке бастың қасиеттері, бизнес бастауға мүмкіндік беретін – дүниелеріңіз.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Бизнес-ойдан бизнес-жоспарға

Бір параққа жазылған бизнес-ой керемет болса да, онда жатқан миллиондарды қалай алу керектігі түсініксіз. Бизнестің өнері, тек жақсы таңдалған бизнес-ой емес, оның сауатты жүзеге асуында.
Табысты бизнесті ұйымдастыру, жақсы үй салумен бірдей сияқты. Сіздер жете, нақты жоспарсыз үй тұрғызар ма едіңіз?
Жоспарды жасау нақтылықты, майда-шүйделеріне дейін зерттелуді талап етеді. Егер сіз жоспарланған бизнесіңізге не кедергі не пайдалы екенін ажырата алсаңыз, бірінші қадам жасалды. Егер бұл бизнес неліктен сізге лайық деген сұраққа жауап бере алсаңыз, екінші бір қадам жасалды.
Енді «Бұны қалай жүзеге асырамын?» деген сұраққа жауап беру керек.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Клиентпен жұмыс

Cіздің клиенттеріңіз – сіздің бизнесіңіздің негізі. Тауар қаншалықты ғажап болса да, егер клиент төлемеймін десе, табысқа жету тек арман болып қала бермек.
Бірінші және негізгі жаңа бастап жатқан бизнесмендердің қателігін мына сөзбен айтсақ болады: «Барлығы менің ағаш қасығымды сатып алады, өйткені олар ең жақсысы!»
Шын мәнісінде сатып алушыларға ағаш қасық емес, олардың қажеттіліктері өтелу керек. Тауар қаншалықты көп қажеттіліктерді қамтамасыз етсе, соншалықты өтімді болады.
Бизнесті жаңадан бастап жатқандардың тағы бір қателігі – неліктен дәл өз тауарын клиенттер сатып алатындығын білуі. «Әйелдер неге дәл менің шаштаразыма келетіндерін білемін, өйткені мен тамаша қырқамын!», – дейді шаштараз. Бірақ клиенттен сұрасақ, олардың жауабы әр түрлі болады:
· Тиімді баға
· Шебермен сөйлескен ұнайды
· Шаштараздың ішкі көрінісі ұнайды
· Бұл жерге бастығым келеді
· Салон үшінші қабатта орналасқан, сондықтан өткен-кеткендер терезеге қарай алмайды
· Тағы басқалар

Клиентке тиімді қызмет көрсету, оның қажеттіліктерін өтеу үшін бағытталады. Ал бұл қажеттіліктерді қайдан білеміз?

Біріншіден, орташа клиенттің портретін салу.
Екіншіден, клиенттің айтқанына назар салып тыңдау. Клиентті тыңдаңыздар, не қажет екенін өзі-ақ айтады.

Сіз хрустальдарды сатумен айналысам деп шештіңіз, егер сіздің бәсекелестеріңіз – фарфор және әшекей бұйымдарын сататындар болады десек, таңғалған боларсыздар. Ал хрусталь ылғи да сыйлық ретінде ұсынылатынын еске түсірсеңіз, онда: сыйлық ол тек – сервис пен сақина емес, асханалық комбайн мен галстуктар жататынын түсінесіздер. Бәсекелестер ортасы, біз ойлағаннан да кеңірек болып шықты.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Бәсекелестік

Бизнесті жоспарлау барысында жолығатын бәсекелестер деңгейін бағалап, «бәсекелестерді жеңу» тармағын белгілеп қою керек.
Бәсекелестігі өте жоғары қызмет түрін білген жөн. Мысалы, картоп сатумен айналысу. Картопты өндірушілер мен сатушылар көп болғандықтан, бағасының арзандауына апарады.
Жоғары бәсекелестік кезінде, сатушылар сатып алушыларды төмен бағамен тартады. Ал бұл өз кезегінде табысты бизнес болмайды.
Мүмкіндігінше, тауардың бағасына әсер ететін бизнестен аулақ болу. Ең дұрысы – тікелей бәскелестері жоқ бизнес. Бірақ бұл ерекше бизнес болса ғана мүмкін болады.


Бәсекелестікпен жолыққан жағдайда не істеуге болады?

Шешім біреу ғана – сатып алушылардың алдында басқа сатушыларға қарағанда ерекше әсер қалдыру. Егер сатып алушының алдында біркелкі тауарлар қатары тұрса, сатып алушы бағасына қарайды. Кімде-кім сатып алушыға ерекше әсер қалдыра алса, онда сатып алушы өзіндік баға белгілейді. Сатып алушы оны басқа сатушылардың бағасымен салыстырмайды.

Ерекше болудың әр түрлі жолдары бар:
· Шынымен тауарды не қызмет көрсетуді өзгерту (мысалы, кейбір химиялық тазалаулар тазаланған және үтіктелген киімдерді ілгішімен бірге береді; химиялық тазартқыштардың бұған кеткен қосымша шығындары азғантай, өйткені толайым сатып алынған бұл бұйымдар өте арзанға түседі, бірақ клиенттер бұл сатушыларды басқалардан ерекшелейді.).
· Тауарды өзгертпей-ақ, сатып алушылардың назарын тауардың қасиеттеріне аудару (мысалы «Аристон» кір жуатын машинасы ұқыпты жууға арналған деп жарияланатын болса, «Индезит» берік деп, ал «Самсунг» тыныш; бұл жағдайда тыныштықты жақсы көретіндер, «Аристоннан қымбат болса да», «Самсунг» кір жуғыш машинасын таңдайды.).
Болашақ бизнесіңіздің бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау үшін және бәсекелестік жоспарын жасау үшін өзіңіздің бәсекелестік басымдықтарыңызды жазу керексіз.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Тәуекел

Тәуекел – бизнесменге бағынышты емес жағдайлар және ол бизнестің нашарлануына, бизнестің нашарлауы, клиенттерін жоғалту, одан әрі қызметтің тоқтауына әкелуі мүмкін.
Алдын-ала тәуекел туғызатын жағдайларды жазу:
· Жоспарланған бизнестің көрсеткіштері оң нәтиже бермеу (кіріс, клиенттер саны)
· Алдын-ала неден қауіп төнетіндігі туралы біліп, қалай келеңсіз жағдайларды бейтараптандыруды жасау.
Ең маңызды тәуекел бүліну тәуекелі. Оны жүйелі профилактика және ұқыптылықтың нәтижесінде азайтуға болады. Тәуекелді азайту үшін бизнесті қалай өзгерту туралы ойланыңыздар.

Бизнестің бастамасы

Клиенттердің, бәсекелестердің, тәуекелдің негізіне сүйене отырып, бизнесті жүзеге асыратын толық жоспар жасау керек. Оған бастамаға негіз болатын барлық нәрсе кіру керек: алаң, құрал-жабдықтар, оқытылу, тіркеу.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Кіріс және шығыс

Дайындық кезеңінің ұзақтығы мен бағасын анықтағаннан кейін, ағымдағы қаржылық көрсеткіштерді есептеуге кірісу керек.
Бірінші кезекте, айлық кірісті бағалау керек. Ол екі жолмен жүзеге асырылады.
· Ұқсас шарттар бойынша жұмыс істейтін бәсекелестерден саудадан түсетін ақшаны сұрастыру (егер басқа ауданнан осымен айналысам десеңіздер, саудагерлер күндік ақшасын жасырмайды).
· Клиенттер санын анықтап, орташа бағаны белгілеп, айлық кірісті шамалап анықтау (клиенттердің санын және орташа түсетін ақшаны бәсекелестердің жұмысын бірнеше сағат бақылағанда анықтауға болады)

Кірістің бағасын бір нәрсемен қуаттау керек. Сұрастырып, бақылаудан жалықпаңыздар. Ең басты сәтсіздік – күтілетін кірістердің жоғарғы көрсеткішін белгілеу. Сізге күніне 100 адам көп көрінбеуі мүмкін. Ол сіздің пайымдауыңыз жексенбі күні барған кездегі нарықтағы адамдардың санына байланысты болуы. Жай күндері адам ондай көп болмайтындығын ұмытпаңыздар.

Егер сіз бірнеше қызмет және бірнеше тауар түрін шығарумен айналыссаңыз, онда олардың әрқайсысына деген сұранысты есептеу керек. Бұл шығыстарды санау үшін керек.

Шығыстарды мына түрлері бойынша топтау керек. Мысалы:

· Шикізат пен материалдар
· Тауарларды сатып алу
· Арендалық төлем
· Жалданбалы жұмысшылардың еңбек ақысы
· Жұмысшылар жалақысынан әлеуметтік сақтандыру төлемдері
· Коммуналды төлемдер
· Жабдықтарды жөндеу
· Тағы басқалар

Барлық айлық шығыстарды есептейміз. Егер айлық кірістен айлық шығысты алып тастайтын болсақ, пайда қалады. Бірақ бұл пайда салық өндірушілеріне дейінгі пайда.
Ал салық өндірушілерге жұмсалатын ақшаны жылдық кіріс-шығыс кезінде есптесе болады. Ең дұрысы оны мамандарға есептету.

Бизнес & Мен: Бизнес бастаушыларға пайдалы кеңес!

Рәсімдеу

Бизнес-жоспар сіздің бизнесіңізбен таныс емес адамдарды есепке алу негізінде жазылады… Бизнес-жоспар екі сұраққа жауап бере алу керек:

· Неліктен бұл бизнес-жоспар тіршілік қабілетіне ие?
· Қаншалықты табысты?

Назарларыңызды бизнестің сипатына, клиенттерге және олардың қажеттіліктеріне аударыңыз. Әр кезеңдегі қорлар мен атқарылуға тиіс мерзімдегі жұмыстың реттілігі анық байқалып тұруы тиіс.

Бәсекелестік пен тәуекелді сипаттап жазу, таңдаған қызметті жақсы зерттегендіктің белгісі болмақ.

Өз бизнесіңді қалай бастау керек?

Қысқаша бөлім жайында
Сіз өз бизнесіңізді бастауға бел будыңызба? Бірақ мақсатыңызды орындауда көптеген сұрақтар туындады ма?
Бұл бөлім Сіздің бизнес арманыңызды орындауға көмек көрсетеді.
Бизнес дегеніміз – шексіз мүмкіншіліктерді туындап, сонымен қатар жауапкершілікті қажет етеді.
Бұл бөлімде Сіз өз бизнесіңізді қалай бастау және қандай құжаттарды рәсімдеу керек екенін білесіз.
Әр бөлімде «Кім көмектеседі» деген сілтеме арқылы Сіз өз сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
Бизнесті бастау сатыларын айқындайық:
Бизнес-идеяны таңдау. Жұмысты бастауға идея қажет. Сіз идеяны түрлі сайттардан немесе өзіңіздің іс-тәжірибеңізден, ойыңыздан, арнайы қызмет көрсету орталықтардан т.б. біле аласыз.
Тұтынушыларды табу. Кез-келген бизнестің өз тұтынушылары болады. Бұл сұрақ туралы көптеп ой-пікірлесуге болады, бірақ жауап табудың оңай жолы қоғамнан сұрау. Бүгінгі күні интер желісінде түрлі форумдар, әлеуметтік желілер, блогтар – бұның барлығы сауалнама жүргізуге ыңғайластырылып жасалған.
Мекемені тіркеу. Егер Сіз компанияның жалғыз құрылтайшы болсаңыз, онда жеке кәсіпкер немесе ЖШС ретінде тіркелуге болады.
Бизнесті қаржыландыру туралы айтар болсақ, инвестициялық қорлар мен инвесторларға («бизнес-періштелерге») жүгінеміз. Егер Сіздің бизнес жобаңыз табысты болса, инвесторларды табу қыйынға түспейді. Тіпті, дағдарыс уақытында да.
Сіздің жоспарыңызды жүзеге асыруды бастаймыз.
Сөз жүзінде барлығы айтарлықтай оңай. Ал іс жүзінде, әр бизнестің өзіндік ерекшелігіне қатысты көптеген күтпеген кедергілер пайда болады. Алғашқы кездерде өте көп жұмыс істеуге тура келеді. Дегенмен, барлық салынған күш ақталады деген сенімдеміз.

Investigationes
CHARLES S. ANDREWS
3139 Brownton Road
Long Community, MS 38915



+7 495 287-42-34 info@ucoz.com
Mirum
sample map